Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Президент апат болған аймақ басшыларына жеке-жеке жауапкершілік жүктеді - АРҚА АЖАРЫ

Президент апат болған аймақ басшыларына жеке-жеке жауапкершілік жүктеді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдері аймақ тұрғындарын жылумен және сумен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Kazinform Ақордаға сілтеме жасап.

Президент апат болған учаскелердегі жағдайды шұғыл реттеп, халықты жылумен және сумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді және барлық елді мекендегі коммуналдық желілердің үздіксіз жұмысын жолға қоюды талап етті.

Үкіметке жылыту маусымына дайындық кезінде олқылықтар жіберілгені туралы айтылды.

Үкімет басшылығы еліміздегі тозығы жеткен энергетикалық инфрақұрылымдағы бұзылу жағдайларын қоспағанда, жалпы ахуал бақылауда екенін мәлімдеді.

Апаттық жағдайларға жол бермеу шаралары қабылданып жатыр.

Мемлекет басшысы берілген тапсырмаларды орындау үшін Үкіметке және облыс әкімдеріне жеке-жеке жауапкершілік жүктеді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар