Көкшетаудағы «Алаш арыстары» саябағын аяқтау, көппәтерлі тұрғын үйлерді жылумен қамту және сапалы құрылыс мәселесі партия бақылауында

Құрылысы мен жөндеу жұмыстары 8 жылға созылған Көкшетаудағы «Алаш арыстары» саябағының мәселесі Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысында талқыланып, Көкшетау қаласы әкімі орынбасарының түсініктемесі тыңдалды.

Демалыс орнын салуға осы уақытқа дейін 800 миллионнан астам теңге жұмсалған. Жоба қайта қаралып жатқандықтан жұмыс тоқтап тұр. Алайда, «Алаш арыстары» атанған аумағы 24 гектарды құрайтын саябақтың тас төсеніштері қопарылып, егілген ағаштар толығымен қурап қалған. Қараусыз қалған құрылыс алаңы қоқысқа толы. Аумағында салынған тұрмыстық спорттық кешеннің қабырғасы қопсып жатыр.

Биылғы жылғы жобаның түзетуін Көкшетау қаласының әкімдігі мақұлдамаған. Себебі бағасы 2 млрд теңгеден асып кетті. Қала әкімінің орынбасары Дәулет Жүнісов 8 жыл бойы салынып жатқан саябақ келер жылдың маусымында пайдалануға беріледі деп сендірді.

Аязды күні көп қабатты пәтерлерге жылудың дұрыс берілмеу мәселесі Партиялық бақылау комиссиясының отырысында талқыланды. Қала әкімінің орынбасары Дәулет Жүнісов қаланы жылумен қамту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар барысын баяндады.

Сондай ақ, комиссия мүшелері құрылысы талапқа сай келмейтін көпқабатты тұрғын үйлер мен уақытында берілмеген әлеуметтік нысандар бойынша жауапты мемелкеттік орган өккілдерінің түсініктемесін тыңдады. Сайлауалды бағдарламаны орындау бойынша Ақмола облысында 3 әлеуметтік нысан кестеден кешігіп, уақытында берілмеген.

Көкшетау қаласындағы екі жатақхананың құрылысы, Атбасар ауданы мен Целиноград ауданындағы медициналық мекеменің құрылысы да әлі бітпей тұр. Қала бойынша жеке құрылыс компанияларының заң нормаларын сақтамай салып жатқан көп пәтерлі тұрғын үйлеріне қатысты да мәселе көтерілді. Барлық сұрақтар партиялық бақылау комиссиясының бақылауына алынып, кемшіліктерді түзету үшін екі ай уақыт берілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар