Есіл ауданының Бұзұлық ауылында ауылдық мәдениет үйі есігін айқара ашты

Жаңа ауыл клубында кітапхана мен спорт залы бар, ал іргелес аумақта балалар ойын алаңы, спорттық тренажерлер мен шағын футбол алаңы бар.

Мәдениет ошағы ауылдың нағыз сәніне айналды. Жарқын қабырғалар, гофрленген шатыр, аппақ пластик терезелер мен есіктер көз тартады. Ал оның салтанатты ашылуы барша ауыл тұрғындары үшін ең қуанышты оқиғаға және нағыз мерекеге айналды.

Лента қиылған соң Бұзулық ауылының тұрғындары жаңа клубпен танысты және осы мерекеге арнайы дайындалған мерекелік концертке жиналды.

«Ауылымызға осындай сый жасағаныңыз үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді. Біз көзімізге жас алып, зор қуанышпен сыйлықты қабылдадық, енді бүкіл ауыл осында келіп, концерт ұйымдастыратын болады», – деді Гүлдарай Күзтайқызы.

«Бүгін бізде нағыз мереке», – деп құттықтады аудан әкімінің орынбасары Н.Саматов. – Барлығы Жаңа жылды асыға күтуде. Ал Бұзулық ауылы жаңа клубқа ие болды! Бұл соңғы жылдары ауданда пайда болып, мүлде басқа – жаңа және заманауи өмірге ие болған алғашқы мәдени мекеме.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар