Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Жаңа жылмен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді шын жүректен алдымызда келе жатқан Жаңа 2024 жылмен құттықтаймын!

Жаңа жыл – бұл біздің әрқайсымыз үшін ең жарқын және қуанышты мерекелердің бірі. Бұл қорытындыларды шығарып, бастан кешкен оқиғаларымызды ой елегінен өткізетін, болашаққа жоспар құратын сәт.

Өтіп бара жатқан 2023 жыл көптеген маңызды және ауқымды оқиғаларымен ұмытылмастай болып біздің есімізде қалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтарымыздың тұрмыс деңгейін жақсартуға және экономикалық дамуымызға бағытталған саясатының арқасында біздің еліміз маңызды табыстарға қол жеткізіп, әлемдік қауымдастық алдында лайықты беделге ие болды. Бірқатар саяси реформалар жүргізіліп, экономикалық даму бағытын және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру өз жалғасын табуда.

Өткен жылдың біздің өңірімізге де әкелген жетістіктері аз емес. Облыс экономикасының барлық салаларында тұрақты даму байқалып, оң көрсеткіштерге қол жеткізілуде.

Өңірдің әрбір жоғары көрсеткіші – біздің күн сайынғы қажырлы ортақ жұмысымыздың нәтижесі. Әрине, алдағы 2024 жылға  да біз үлкен үміт артамыз. Бұл жылы да бірқатар елеулі мәселелерді шешіп, маңызды мақсаттарға қол жеткізу міндеті тұр. Оның әрқайсысы өңірдің әрбір тұрғынының өмірін жақсартып, қызықты, жайлы ете түседі.

Құрметті жерлестер!

Келе жатқан Жаңа жыл Сіздерге тек қана жақсылық пен жарқын өзгерістер әкелсін. Жаңа жылымыз қуанышқа, жақын адамдарымыздың жылылығы мен сүйіспеншілігіне толы болсын. Барлық жетістіктеріміз бен табыстарымыз салмақты болып, қиыншылықтар артта қалуға, армандарымыз орындалуға жазсын.

2024 жыл баршаңызға денсаулық, бақыт, тұрақтылық пен мол игіліктер әкелуіне тілектеспін!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

 Депутаттық корпусы атынан Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Ең керемет және жарқын мереке қарсаңында жылды қорытындылау және жоспар құру дәстүрге айналған. Өткенге көз жүгіртсек, аяқталуға жақын бұл жыл қиын, бірақ, жемісті жыл болды деп айтуға болады. Ақмола облысы белгілі бір қиындықтарға, оның ішінде ауыл шаруашылығындағы жағдайға қарамастан, биыл Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қойған міндеттерді барынша тиімді орындай отырып, көптеген салаларда тұрақты көрсеткіштерді көрсетті. Бұл біздің өңірдің әрбір тұрғынының, барлық меншік нысанындағы мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбегі.

Өздеріңіз білетіндей, 2023 жылы Сенатқа, Мәжіліске және барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау өтті. Бұл елдегі Жаңа, Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған саяси трансформацияның жалғасуы болды.

Осы мереке күндері мен барлық Ақмола облысының тұрғындарына жаңарған депутаттық корпусқа жоғары сенім білдіргендері, күнделікті қажырлы еңбектері мен өңірдің дамуына қосқан баға жетпес үлестері үшін алғысымды білдіргім келеді. Мамандығына және қызметтік парызына байланысты жұмыс орнында болуға мәжбүр болғандардың барлығына ерекше алғыс сөздер арнаймын.

Құрметті жерлестер, Жаңа жылмен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыз!  Сіздерге зор денсаулық, сергектік, сарқылмас күш-жігер, отбасылық амандық, еңбекте зор табыстар тілеймін. Жаңа жыл жаңа үміт сыйласын, Ақмола облысының әрбір тұрғынының өмір сүру сапасы  жақсаратын болсын!

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар