«Өкпе артпаймын ешқашан өмірге мен!»

ЖАЙНАРБЕК ЗАНДЫБАЙҰЛЫ

1988 жылы дүниеге келген. Көкшетау қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін бітірген. Аудандық «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры,  «Бұланды ақпарат» газетінің тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. «Жүрегімде жүрген күз», «Бәсіре» атты жеке жыр жинақтары жарық көрген, Алматы қаласында шыққан «Жыр маржаны» атты қазақ поэзиясының 10 томдығына және «Көкшетау жас ақындар антологиясы», «Аллаға мадақ» жинақтарына өлеңдері енген. «Жас қалам» ақындар үйірмесінің жетекшісі, аудандық қоғамдық Кеңестің мүшесі. Өнердегі жетістігі үшін Бұланды ауданының «Алтын кітабына» кірген.

Күй ойнашы

(Сертайға)

Домбыраңды күмбірлетші ал, Секем,
Босап қалған кеудем күйге толса екен.
Өз өзіме сыймай жүрмін,  білмеймін,
Мынадүниеболғаныменсоншакең.

Күйойнашы,  ақыл-есімжиылсын,
Өз-өзіңдітаппайқалуқиыншын.
Тұрысбектің«Жазғықарын»жіберші,
Оданкейін«Ақжауыны»құйылсын.

Армандарымжүрседағыжиіалдап,
Көпнәрсенікетемкейдеқиялдап.
Көңілімніңтербетілсінтолқыны,
Секе, қанебершімағанкүйойнап.

Қоңырүнменсырласамынылғи мен,
Жан дүниемжазылмайдыбіркүймен.
Сәл де болсынтынышталыпқалсыншы,
Жүрекбайғұсбірөртеніп,  біркүйген.

Күйойнашы,  көтерілсінмерейім,
Асып-тасып,  шалқыпбірсәткөрейін.
КүйойнашыСеке,  қане,  тоқтамай,
Ал,  менсағанөлеңоқыпберейін.

 Көкшетау!

Көкшетау – Аллам өзі көркем еткен,
Ақша бұлты аймалап, еркелеткен.
Білмеймін, мына жүрек саған ғашық,
Келмесе де бұл жаққа ерте көктем.

Көкшетау – әрбір жатқан тасың абыз,
Өзің жайлы шертеді ғасыр аңыз.
Сәл жырақтап кеткенде сағыныштан,
Құшағыңа жеткенше асығамыз.

Бір басымнан жүрсе де асып қайғым,
Есі кеткен өзіңе ғашықтаймын.
Жайбарақат қаласың, жаны жайсаң,
Адамдары ешқайда асықпайтын.

Бабадан бізге жеткен асыл мұра,
Шежіреңді тарқатсам ғасыр куә.
Томағасын сыпырған мекенсің-ау,
Түлетіп талай текті, асылды да.

Көкшетау – ел алдында бағаң өктем,
Үміт күтіп жатасың жаңа лептен.
Сөз жетпес сұлулығың өз алдына,
Рухани қаласың Науан өткен.

Сен дегенде көңілім болмас алаң,
Бағаңды берген жыр мен Алмас ағам.
«Қазақтың Швейцариясы» дейді біреу,
Тәйірі, аздық етер ол да саған.

Пейілі кеңжазира тарылмаған,
Қазақы болмысынан арылмаған.
Болашаққа қаға бер қанатыңды,
Мың жасауға лайықсың ару қалам!

 Ата

(зират басындағы жыр)

Көп көріп бұл өмірдің бақталасын,
Ажыратып шаршадым ақ-қарасын.
Сізге келдім, жаныма шын жанашыр,
Ақыл айтар бір адам таппағасын.

Сізге келдім құлазып жаным тағы,
Көңілім қап бәрінен жанымдағы.
Сіз кеткелі білмеймін мына менің,
Кедергілер көбейді жолымдағы.

Күз де мынау жанарын жасқа малды,
Кінәлаудан аулақпын басқаларды.
…«Жарайсың» десеңіз жетіп жатыр,
Жарып шығар едім ғой тас қамалды.

Сізге келдім, мен ата, сізге келдім,
Жел сөзінен жалығып өзгелердің.
Бәлкім ата, жүректі жұлып тастап,
Тас бауыр боп бір сәтке өзгерермін.

Сізге келсем, білмеймін жеңілденем,
Сіз барда құламағам, жеңілмегем.
Қателігін адамның кешірмейтін,
Қатігездеу екен ғой өмір деген.

Қамықтым, қамалым жоқ сіздей берік,
Көңіл де бір жылылық іздейді еріп.
Кейде ата, мен оңбай таяқ жеймін,
Елдің бәрін қалам да сіздей көріп.

Сіз жаққа бір сағыныш арқандады,
Ауыр жүктер батса да арқамдағы.
Сізге келсем жеңілдеп қалам ылғи,
Келермін ертең тағы.

 Кітапхана 

Саған қарай жетелейді бір тылсым,
Рухани азық шығар, кім білсін.
Саған келсем сансыз ойлар жетелеп,
Көңілімнен сейіледі кірбің шын.

Саған келсем, тынышталам, жай табам,
Талай мәрте бастан кешкем, байқағам.
…Табиғатқа ғашық бола бастаймын,
Оралханды оқып шығып қайтадан.

Саған келем кеудем мұңға толғанда,
Жандүнием жалғызсырап қалғанда.
Кітапхана саған қалай келмеймін,
Мұқағали, Есенғали тұрғанда.

Ойды жинап шашыраған, шалғайдан,
Қандай ғажап бір кітапқа ден қойған.
Бір құшақтап иіскеп кетсем жетеді,
Ескі кітап, парақтарын сарғайған.

Ұрпақ үшін мұра болған әр ісі,
Әрбір кітап маңдай тердің жеңісі.
Кітапхана сенде тұр ғой тізіліп,
Сан ғасырлық ақыл-ойдың жемісі.

 Қайран, аға!

(Бердіхан Орындықұлына)

Дауысы күңірентіп күрең кешті,
Сыздатып жүректегі жарамды ескі.
Жалғанның көшесімен шауып келеді,
Жал- құйрығы таралған өлең бесті.

Шауып келеді, иесіз бос келеді,
Жалғыздықты жанына дос көреді.
Тал бойында міні жоқ, ғажап қандай,
Қарасаң қара көзге жас келеді.

Ол аға, өзің баптап кеткен өлең,
Сауырынан тамшы тер төккен өлең.
Қамау терін алсаң да таң асырып,
Мәреге сенсіз бірақ жеткен өлең.

Өлеңнің толғандырмас жайы кімді,
Кеш қалсаң кешірмейді айыбыңды.
Серілік ғұмыр енді басталғанда,
Кім екен қиып кеткен айылыңды?

Шабытыңды шалқытса дала сенің,
Сүйсініп тұрушы еді Алаш елің.
Сен жыр жазып жүргенде, өлең оқып,
Мен ол кезде ойынның баласы едім.

Ақын жанын қайғыға батырар кеп,
Ала таңын көз ілмей атырар көп.
Сәл ертерек ер жетсем кім біледі,
Өлең оқып, ой кешіп отырар ма ек?

Арамдықтан болса егер ойлар ада,
Қиылмас еді тағдырлар айдалада.
Пейіш болсын мәңгілік мекеніңіз,
Жалғаннан ерте кеткен қайран аға.

  Атқа мін қазақ!

Алыстағалы жылқыдан,
Тақымым бүгін толмай жүр.
Ауыздықпен алыспай,
Көңілдің хошы болмай жүр.
Жағаласқанда жылқымен,
Рухтанасың сондай бір.
Арқаң бір кеңіп қалады,
Жуылып терге маңдай бір.

Атқа мін қазақ, атқа мін,
Рухың өшкен оянсын.
Жұлқынған бесті асауға,
Жүрегің болса таярсың.
Алдаспан рухы оянса,
Ұлдарың неден аянсын.
Көзін алартқан көршіге,
Үрей туғызып қоярсың.

Ат мініп өссем жасымнан,
Сөз асырмаушы ем басымнан.
Тақымға басып сүйретіп,
Дұшпандарымды басынған.
Жарап тұрар ем жер тарпып,
Жүйіріктей таң асырған.
Қойдай момын боп жүрмін,
Сипай бергелі басымнан.

Жылқының таңдап жорғасын,
Атқа мінбесең ол да сын.
Жылқы деп өскен ұлдарың,
Құлаққа тақпас сырғасын.
Сызылып қайтсін алдыңда,
Рухы тасып тұрғасын.
Атқа мін қазақ, ұрпағың,
Бос белбеу, ынжық болмасын.

***

Өкпе артпаймын ешқашан өмірге мен,
Себебі талай құлап, жеңілген ем.
Құлазыған сәттерде «көңіл» деген,
Тек қана Алланы ойлап жеңілденем.

Кей досымның шешіліп бетпердесі,
Дүние деп танымай кеткенде есі.
Алланы есіме алып тынышталам,
Анық қой сүйген құлын жек көрмесі.

Сөк мейлі, хақым жоқ «сөкпе» деуге,
Ренішке толмасын текке кеуде.
Әрдайым Алланы ойлап соғып тұрған,

Жүрегімде орын жоқ өкпелеуге.

 Әр қазақ туыс маған!

Ұлдары ту ұстаған,
Қаңқу сөз қуыспаған.
Ағайын туысы мен,
Арасы суыспаған.
Ауылдас, көршісімен,
Алысып, жұлыспаған.
Әр қазақ туыс маған!

Ақсақал ата көрген,
Абызы бата берген.
Қонақжай мінезі бар,
Қулықтан ада келген.

Жетімді жебейтұғын,
Ақысын жемейтұғын.
Жасаған жақсылығын,
«Менікі» демейтұғын.

Жағуға тырыспаған,
Жағынып жарыспаған.
Тентегін тезге салып,
Ақылмен дұрыстаған.
Әр қазақ туыс маған!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар