Министр ауыл  мектептерінде болды

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қорғалжын ауданындағы Майшұқыр және  Целиноград ауданындағы Оразақ ауылдарының мектепттерін аралап, жергілікті атқарушы органдар мен байланыс операторларының өкілдерімен байланыс пен интернет сапасын жақсарту бойынша кеңес өткізді.

«Amanat» республикалық партиясында азаматтарды қабылдау кезінде Целиноград ауданы Оразақ ауылының тұрғыны Нұрай Ноғайбай министр Бағдат Мусинге ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуді сұрады.

«Мемлекеттік радиожиілік қызмет» РМК мәліметі бойынша, Оразақ ауылын 4G желісімен қамтуды «Кар-Тел» ЖШС операторының базалық станциясы қамтамасыз етеді, 2024 жылғы 27 желтоқсанда жүргізілген өлшемдер оператордың жоғары сапалы қамтуды растайды. «Кселл» АҚ (ауылда базалық станцияның жоқтығы) және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (ауылдағы 3G базалық станциясы) операторлары бойынша бұзушылықтар тіркелді.

«Қазақтелеком» АҚ-нан талшықты-оптикалық желі бар, бірақ қазіргі уақытта мектеп небәрі 8 Мбит/с жылдамдықта интернетпен қамтамасыз етілген, бұл мектептегі интернет деңгейінің төмендігін көрсетеді. Сондай-ақ, мыс байланыс желілері (ADSL) арқылы қосылған әлеуметтік және тұрғын үй нысандарына қолжетімсіз болып отыр.

«Бұл мектепте 350 оқушы оқиды, сондықтан сапалы білім алу үшін олар интернетке жақсы жылдамдықпен қосылуы керек, біз сонау 2000 жылдардың басында 8 Мбит/с пайдаландық. Президенттің тапсырмасымен мектептердің барлығын жоғары жылдамдықты интернетпен қамту қажет. Қала тұрғындарын ғана емес, ауыл тұрғындарын да сапалы интернетпен қамтамасыз ету қажет. Келесі жылдың қаңтар-ақпан айларында оптикалық желіні салуды тапсырамын», – деді Бағдат Мусин.

Оразақ ауылындағы байланыс сапасын арттыру мақсатында Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ мен Ақмола облыс әкімдігінің цифрландыру басқармасына ауылда талшықты-оптикалық байланыс желілерін дамыту жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ министр 2022 жылы тексеру жүргізілген барлық ауылдарда интернеттің сапасын тексеруді тапсырды.

Сондай-ақ, Бағдат Мусин Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Майшұқыр ауылындағы «Starlink» жоғары жылдамдықты спутниктік интернетті енгізу бойынша пилоттық жоба аясында 10 мектептің тізіміне енген мектепте болды.

Мұғалімдер мен оқушылар мектептегі интернеттің сапасына көңілі толатынын және жоғары сапалы интернет желісі арқылы оқу материалдарын пайдалануға мүмкіндік бергені үшін ризашылықтарын білдіріп, пилоттық жобаның жұмысын көрсетті.

Майшұқыр ауылындағы мектепте (36 оқушы) Starlink бағдарламасының іске қосылуы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Қазақстандағы білім беруді цифрландыру жөніндегі ауқымды бастаманың бір бөлігі болып табылады, оның мақсаты – 2024 жылғы наурыз айының соңына дейін 2000-нан астам орта білім беру ұйымдарын заманауи білім беру технологияларына кең жолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету.

Starlink жоғары жылдамдықты спутниктік интернетпен қамтамасыз етеді, бұл әсіресе шалғай және ауылдық елді мекендер үшін маңызды, тұрақты және жылдам қосылуды қамтамасыз етеді.

Орнату процесі спутниктік терминалды жерсеріктерге анық көрінетін оңтайлы жерде таңдауды және орналастыруды, сондай-ақ, көлбеу және азимут бұрыштарын дәл реттеуді қамтиды. Осыдан кейін терминал маршрутизаторға қосылып, жүйе спутниктік байланыс арқылы Интернетке жылдам қол жеткізуді қамтамасыз етуді пайдалануға дайын.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар