Жыл басында жаңа мектеп ашылды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапары аясында Целиноград ауданында болып, Шұбар ауылындағы жаңа мектептің ашылуына қатысты.

300 оқушыға арналған жалпы білім беретін жаңа мектепте 12 қазақ және орыс тілдері, тарих, физика, математика, ағылшын тілі, информатика және тағы басқа оқу кабинеттері, сондай-ақ, 6 бастауыш сынып кабинеттері бар. Оған қоса, мектепте жабдықталған спорт және акт залы, тир мен кітапхана бар. Педагогикалық ұжым 34 мұғалімнен тұрады.

– Жаңа мектеп жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесіне, ғылыми-техникалық әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады. Осы мектептен біздің облысты ғана емес, республиканы да өз білімі мен талантымен дәріптейтін лайықты азаматтар шығатынына сенімдімін. Ал біз сіздерге барлық жағдай жасауды ж алғастырамыз», – деді аймақ басшысы.

– Шұбар ауылының 168 оқушысы бұған дейін 1962 жылы салынған шағын негізгі жалпы орта білім беретін мектепте оқыған. Енді жаңа тоқсаннан бастап олар жарқын әрі кең ғимаратта оқитын болады, – дейді мектеп директоры Мүбарак Байшолақов.

Целиноград ауданында бүгінде он мектеп және бір балабақша салу жобасы жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, өткен жылы облыс бойынша 3892 орындық 6 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жібек жолы ауылында 300 орындық және Қосшы қаласында 1200 орындық мектептерді іске қосу есебінен үш ауысымды оқыту мәселесі шешілді. Қосшы қаласында жеке инвестициялар есебінен салынған 1500 орындық мектеп мемлекет меншігіне берілді. Ақкөл қаласының №4 мектебіне қосымша ғимарат пайдалануға берілді.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 22600 оқушыға арналған 18 мектеп салу жоспарлануда. ​​​​​​​​​​​Сондай-ақ, қазір өңірде 7 мектептің құрылысы жалғасуда.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар