Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыс әкімінің Қорғалжын ауданына жұмыс сапары - АРҚА АЖАРЫ

Облыс әкімінің Қорғалжын ауданына жұмыс сапары

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қорғалжын ауданындағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады.

Өңір басшысының жұмыс сапары «Астана Агропродукт» ЖШС өндірістік аймағын аралаудан басталды.

«Бақара» ет комбинаты 2010 жылы іске қосылды, кәсіпорын ет өнімдерін өңдейді. Ет комбинатының өнімдері вакуумды қаптамада, тартылған ет және шұжық өнімдері Астана қаласы мен облыстың сауда нүктелерінде сатылады. Иран Республикасына экспорт жолға қойылған. Биыл олар өндіріс қуатын арттыруды жоспарлап отыр.

Сапар аудандық аурухананы аралаумен жалғасты. Мекеме заманауи медициналық құрал-жабдықтармен және оргтехникамен жабдықталған.

Мұнда облыстағы саланың дамуы туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ақылбековтің баяндамасы тыңдалды.

Бас дәрігер Жарылқасын Төрехановтың айтуынша, ауылдағы аудандық аурухана мен емхана бір дәрігерлік амбулаторияны Сабынды ауылындағы бір фельдшерлік-акушерлік пунктті. Арықты және 10 медициналық пунктін біріктіреді. Сондай-ақ 36 төсек орындық стационар және 20 күндізгі төсек орындық аурухана бар. Емхана – ауысымына 60 адамды қабылдай алады.

Аудан орталығында өңір басшысы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты.

Спорт кешенінде фитнес-орталық, шағын футбол алаңы және воркаут алаңы бар. Жалпы ауданы 2000 м2 шамасында.

Бүгінгі таңда құрылыс алаңына дайындық жұмыстары аяқталды: құрылыс қоршауларын орнату, шұңқырды салу және т.б.

Сапар соңында Марат Ахметжанов аудан халқымен кездесіп, өзекті мәселелер тыңдалды.

«Облыста әлеуметтік-экономикалық даму және халықтың тұрмысын жақсарту үшін қажетті мүмкіндіктер бар. Сумен қамтамасыз ету жағдайы ерекше бақылауымда. Аудан әкіміне ауыл шаруашылығын дамыту, инвестиция тарту мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырамын», – деді облыс әкімі.

Сапар қорытындысы бойынша аудан басшылығына бірқатар тапсырмалар берілді.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар