Иппотерапияның емдік қасиеті мол

Мүмкіндігі шектеулі әрі нейро-ортопедиялық бұзылыстан мүгедектік даму қаупі бар балалардың басым көпшілігі церебраль сал ауруы (ДЦП), этиологиялық түрлі парез, аяқ, омыртқа ауруымен ауырады. Мұндай балаларға ұзақ жыл оңалту емі қажет. Дамыған елде балаларды оңалту науқас бала тұратын жеріне мүмкіндігінше жақын ортада амбулаториялық негізде жүргізіледі. Церебраль сал ауруы синдромында физиологиялық бірқатар ерекшелік: бұлшық ет күші, дене қозғалысы мен тепе-теңдік моторикасының даму бәсеңдеуі байқалады. Иппотерапия баланың жалпы моторикасын дамыту мәселесін шешуге арналған сауықтыру әдісінің бірі ретінде таңдалды, өйткені, ол қозғалыс белсенділігін ынталандырудың мықты құралы болып танылады.

Иппотерапия кезінде шабандоз бен жылқы қимылы кез келген жүрісте үйлесімді болуы керек. Шабандоз жамбас аймағы көп бағытты тербелмелі қозғалысты қабылдайды әрі жануармен бірге ырғақты қозғалады.

Биомеханикалық фактор науқас бала бойында жаңа рефлекс пайда болуына, тепе-теңдікті дамытуға, қозғалысты үйлестіруге ықпал етеді. Уақыт өткен сайын иппотерапия әсері байқалады: бұлшық ет спазмы төмендейді, буын қозғалысының ауқымы артады, арқа, іш әрі аяқ-қол бұлшық етінің күші артады. Жылқы қимылымен оңтайлы үйлестіруге тек бұлшық ет, буын әрекетін жоғары сапалы үйлестіру арқылы қол жеткізуге болады, бұл жолда иппотерапия қолданылады.

Иппотерапияны емдік мәдениеттің (ЛФК) айрықша түрі ретінде  қарастыра келе, осы бағытқа тән қағидатты пайдалану заңды деп санаймыз, айтар болсақ:

1) ағза жалпы қадір-қасиетіне сай әрі науқастың ауру түріне бойлай келе, жүктеме әдісі мен «салмағына» жеке дара қарауды басшылыққа алу;

2) әрекеттесудің жүйелі түрде болуына көңіл бөлу, себебі, жүйелі өткен жаттығу ағзаның оңтайлы өзгерісіне әкелмек;

3) әдісті ұзақ қолдану ағзаның негізгі жүйесінің бұзылуын қалпына келтіру ұзақ әрі қарқынды қайталау нәтижесінде мүмкін екенін естен шығармау керек;

4) курс кезінде ағзаға жүктемені біртіндеп қосу қажет болмақ;

5) Сабақты мейлінше түрліше әрі жаңашаландырып өткізу тамаша нәтижеге әкелмек (10-15 пайыз жаттығу жаңартылып отырады да, 85-90 пайыз жаттығу жеткен жетістікті бекіту үшін қайталанады);

6) Әрекет ету қарқынының қалыпты болуы, яғни, бірқалыпты, алайда, ұзақ уақытқа негізделген немесе бөлшектеп, бөліп ұсынған жүктеме тиімді болады.

7) аралас жүктемені ұстану – яғни, қарқынды жүктемені мейлінше салыстырмалы түрдегі демалыспен алмастырып ұсынған жақсы нәтижеге әкелмек.

Жоғарыда сөзге тиек болған иппотерапиялық қасиетті түрлі бағытта жан-жақты, тереңнен зерттеу алдағы болашақ еншісінде дей аламыз.

Құралай ҚҰРМАНОВА,
Көкшетау жоғары медициналық колледжінің студенті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар