Жолын берсін деп тілеймін!

2023 жылдың 4 қазаны біздің әулет, отбасымыз үшін мәңгілік ұмытылмайтын күн. Менің немерем Қабиболла Қайсар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қол беріп, сәлемдесті.

Сол күні Мемлекет басшысы Астананың сол жоғалауында ашылған  «Sana» оқушылар сарайында  болды. Ел Президенті Lego құрастыру, роботты техника, 3D-модельдеу және қыш өнері, ұрмалы аспаптар, домбыра үйірмесі кабинеттері мен жүзу бассейнін аралап көрді. Сондай-ақ, Президент орталықтыңоқытушыларымен, балаларменжәнеата-аналарменәңгімелесті.

– Әрбірқалада, ауданда осындай орталықтар ашылуы керек. Мен жақында бизнес өкілдеріменкездесуөткіздім. Бұл балалар үшін, өскелеңұрпақүшінқажет. Сондықтан, біз бұлмәселеге баса мән береміз, – деді Қасым-ЖомартТоқаев.

Осы жолы аталмыш сарайда робототехника үйірмесіне қатысатын Қайсар немерем қазақы дәстүрмен Мемлекет басшысына «Ассалаумағалейкум» деп сәлем берді. Сөйтіп, менің немереме Президентіміздің қолын ұстау бақыты бұйырды. Робототехника үйірмесінде немереміз Президент Қ.Тоқаевқа өзінің істеп жатқан жұмысы жайында айтып берді.Мемлекет басшысы менің Қайсар немереме батасын беріп, жұмысына табыс тіледі.Біздің Қайсар Астана қаласының 81 мектеп лицейінің 3 сынып оқушысы. Ұстазы Сәлімбаева Сәуле Кәкітайқызы. Негізгі сабақтан кейін Қайсар немерем «Sana» оқушылар сарайының 3 үйірмесіне қатысады.

«Sana» оқушылар сарайы Астана қаласының орталығында, тамаша жерге орналасқан. Архитектуралық дизайны өзгеше, табалдырықтан бастап, жаңа көрініске тап боласың, баланы қойып, үлкен адамдардың өзін әсем көркімен таңқалдырады.

Кірген бетте ұлы ақынымыз Абайдың өшпес бейнесімен нақыл сөзі қарсы алады. Балаларды білуге, үйренуге ынталандырып баурап әкетеді. Барлық қызметкерлері өте тәрбиелі, кішіпейіл, күліп қарсы алып, жаңа білім көкжиегіне жетелей жөнеледі. «Sana» орталығына келген болашақ ұрпағымыздың қосымша, тамаша білім алатынына ата есебінде менің сенімім өте мол. Мемлекетіміздің болашағы осындай жерде білім алған жастардың қолында деп есептеймін. Бұл жерде соған барлық мүмкіншілік жасалған.

Ырымшыл қазақ баласымыз ғой, мен де немерем Қайсарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының жолын берсін деп тілеймін!

Қабиболла Шаяхметұлы,
Қима өңірінің тумасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар