Марат Ахметжанов ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін ұлғайту және сүт-тауар фермаларын салу мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Күн тәртібінде аграрлық-өнеркәсіптік кешендегі өзекті мәселелер қаралып, өңірлер әкімдері мен облыстық ведомстволар басшыларының алдына нақты міндеттер қойылды.
Атап айтқанда, агроөнеркәсіптік сектордың индикативтік көрсеткіштерін орындау есебінен ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін 2024 – 2028 жылдарға 2 есеге ұлғайту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындаудың ерекше маңыздылығы атап өтілді.
“Президент өнеркәсіпті қалыптастыру үшін өңдеу секторын жедел дамыту қажеттілігіне ерекше назар аударады. Жаңа тәсілдерді, технологияларды қолдану қажет. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін билік пен бизнес белсенді ынтымақтасуы керек”, – деп атап өтті облыс әкімі.
Кеңес барысында жоғары рентабельді дақылдарға көшу, сондай-ақ минералды тыңайтқыштарды, элиталық тұқымдарды қолдану көлемін ұлғайту есебінен ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жөнінде түбегейлі шаралар қабылдау және ауыл шаруашылығы техникасы паркінің тозу проблемасын шешу тапсырылды.
Мал шаруашылығы мәселелеріне, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жануарларының санын және тұқымдық қайта құру үлесін ұлғайтуға көп көңіл бөлінді.
Бұдан басқа, облыс аумағында 7 сүт-тауар фермасын салу мәселесі қаралды, оларды өткізу облыстың сүт өңдеу кәсіпорындарына шикізат жеткізуді ұлғайтуға мүмкіндік береді, сол арқылы Президенттің өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін 70% – ға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасы орындалатын болады.
Бұл жобаларды іске асыру сүт өндірісін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бағдарламаның барлық қатысушылары кредит берудің жеңілдікті шарттарын сақтауға және қаражатты ашық пайдалануға міндетті.
“Қазіргі уақытта құрылыс-монтаждау жұмыстарына кредит беру мәселелері қаралуда. Фермаларды пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі-ағымдағы жылдың соңына дейін. Жобаларды іске асыру аясында мал әкелу бірнеше кезеңде жоспарлануда, ал жабдықтарды жеткізу 2024 жылдың соңында күтілуде”, – деді Қ.Әлімжанов.
Өңір басшысы уәкілетті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ өңірлердің әкімдіктеріне аграрлық бизнес өкілдерімен бірлесіп агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша қойылған міндетті іске асырудың оңтайлы тетіктерін егжей-тегжейлі және кешенді пысықтауды тапсырды.
Дереккөз: www.gov.kz