Щучинск қаласында биатлоннан қысқы Азия чемпионаты өтеді

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылғы 10-20 наурыз аралығында Щучинск қаласында қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан жасөспірімдер мен жеткіншектер арасындағы Азия чемпионаты өтеді.

Қазақстан биатлоншылар Одағының баспасөз қызметі мәлім еткендей, байрақты бәсекеде сары құрлықтың 7 елінен 100-ден астам жас спортшылар 3 дисциплина бойынша Азия чемпионы атағына таласады. Олардың қатарында Қытай Тайпейі, Жапония, Оңтүстік Корея, Моңғолия, Қырғызстан, Таиланд және Қазақстан мемлекеттері бар.

Чемпионат балалар мен жасөспірімдер биатлонын дамыту бағдарламасы аясында және 2023 жылы наурыз айында құрылған Азия биатлон федерациясының қолдауымен ұйымдастырылады.

2025 жылы Қытайда Қысқы Азия ойындары жоспарланғанын ескерсек, бұл бәсеке жас спортшылар үшін халықаралық тәжірибе шеңберінде аса қажет. Жарыстың тікелей трансляциясын ютуб желісінде «COP ZVS TV» арнасы жүргізеді. Көрермендер үшін кіру тегін.

Жарыс бағдарламасы:

12 наурыз, сейсенбі- Жеке жарыс (youth men, youth women)

13 наурыз, сәрсенбі- Жеке жарыс (junior men, junior women)

14 наурыз, бейсенбі- Спринт (youth men, youth women)

15 наурыз, жұма- Спринт (junior men, junior women)

16 наурыз, сенбі- Із кесу (youth men, youth women)

17 наурыз, жексенбі- Із кесу (junior men, junior women)

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар