Ж.Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжі мен Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының байланысы нығая түседі. 24 қаңтар күні кәсіби дадарласу алаңының яасында қос тарап өзара ынтымақтастық келісімге қол қойып, алдағы жұмыс жоспарын талқылады. Академия қызметкерлері колледждің техникалық базасымен, оқытушы құраммен танысып, тәжірибе алмасты.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы өзінің алғашқы сапарын Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінен бастады. Бүгінгі таңда колледжде 7 мамандық бойынша 2 мыңға жуық студент білім алуда. Алдағы уақытта академия мен колледж тығыз байланыста жұмыс істемек.
Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин ынтымақтастықтың сүбелі мәселелердің шешімі екендігін атап өтті. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Президенті Мадина Тыныбаева сапалы білімді қамтамасыз етудің маңыздылығын баса көрсетсе, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы студент пен оқытушы арасындағы тандемнің өзектілігін тілге тиек етті.
«Ыбырай Алтынсарин академиясымен толық жоғары деңгейде жұмыс жүргіземіз деп мақсат қойып отырмыз. Жалпы педогогикалық колледждер педагог мамандарды даярлаудағы үлкен білім беру бағдарламаларын әзірлеуде. Бірнеше ұсыныстар беріліп отыр. Әдістемелік ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулықтар жасауда. Болашақта жоғары деңгейде мазмұнды жұмыс жасауда ұсыныстар беріліп отыр» — деп атап өтті колледж басшысының орынбасары Данагүл Ілияс.
Білім министрлігінің тапсырмасы аясында Ыбырый Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы алдағы уақытта да бірқатар педагогикалық колледждермен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қоймақ.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мәдина Тыныбаева өз сөзінде оқу орнының тарихын, беделді колледжердің қатырында екенін атап өтті. Бұл колледждің түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие.
Жиынға облыстық білім басқармасының өкілдері, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ғалымдары, өңірдегі колледждерінің басшылары қатысты.
Дереккөз: www.gov.kz