Жаңа туған нәрестеге құтқарушының есімі берілді

Ақмола облысында сәбиге Ерейментау ауданы ТЖБ бастығының құрметіне оның есімі берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтарда Ерейментау ауданы ТЖБ бастығы Амангелді Доскенов аязға қарамастан, боранды күні анасы мен ұлын тауып алып, құтқарды. Ол кезде әйел жүктіліктің 35-ші аптасында болған.

22 қаңтарда Амангелді Доскеновке отбасының жақыны қоңырау шалып, оны ауруханадан шығарып алу рәсіміне шақырған.

Отбасының нағыз мүшесі ретінде бала біздің батырымыздың қолына берілді. Балаға өзінің құтқарушысы – Амангелді есімі берілді.

Дүниее аман-сау келген бала отбасындағы жетінші бала. Баланың ата-анасы айтқандай – 7 саны қазақтар үшін ерекше, қасиетті сан.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар