Өзбекстан мен Қытай стратегиялық серіктестікті тереңдете түспек

ТАШКЕНТ. KAZINFORM — Өзбекстан мен Қытай басшылары стратегиялық серіктестікті бекемдей түсуге уағдаласты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

ӨР басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

«Тараптар түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты жан-жақты нығайтуға және Өзбекстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің мазмұнын барлық жағдайда тереңдете түсуге ұмтылысын растады», — деп мәлім етті баспасөз қызметінен.

Жоғары деңгейдегі келіссөзден кейін екіжақты құжаттарға қол қою рәсімі өтті.

Екі елдің үкіметтері арасында қоршаған ортаны қорғау, техникалық-экономикалық ынтымақтастық және мемлекеттік ғылыми-зерттеу мекемелерінің ынтымақтастығы туралы келісімдер қабылданды.

Бұдан бөлек, Өзбекстан мен Қытайдың салалық министрліктері мен өңірлері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы хаттамаларға қол қойылды.

Жалпы, Өзбекстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 50 пайызға өскенін хабарлаған болатынбыз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар