Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Әскер жасындағы жастарға арналған оңтайлы жоба - АРҚА АЖАРЫ

Әскер жасындағы жастарға арналған оңтайлы жоба

Жуырда, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағанбетовтың туғанына 100 жыл толуы қарсаңында Ақмола облысының жастарын жұмыспен қамтуға бағытталған «Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасы бастау алды. Өзіндік ережелер мен мақсат, міндеттерге негізделген жобаны облыстық ішкі саясат басқармасы мен Жастар ресурстық орталығы келісіп бекіткен.

Және де бұл жобаны іске асыру үшін, облыстық әскери мекемелермен арнайы меморандум жасау жоспарланған. Қабылданған жобаға байланысты «Достық» үйінде облыстық Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақмола облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша ағымдағы жыл басынан бастап әскери қызметтерін өтеген жастарды және әскери міндеттілерді жұмысқа орналастыруға бағытталған «Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасын іске асыруды көздеген дөңгелек үстел болып өтті. Аталған іс-шараға ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин, облыстық мәслихат депутаты Омар Шоназаров, жастар ресурстық орталығының басшысы Дастан Ермеков және әскери мекемелердің өкілдері, кадр қызметі мен жастар қатысты.

Жоспарланған жобаның мақсаты, қолда бар дағдылар мен білімін ескере отырып, әскери қызметтерін өтеген жастардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, әскери міндеттілердің азаматтық қоғамға табысты интеграциялануын қамтамасыз ету, еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін жаңа және жеке дағдыларды дамытуды оқыту және қолдау болып табылады.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жобаның міндеті жұмысқа орналасу үшін әлеуетті жұмыс берушілер арасында жоба мен оның қатысушылары туралы ақпаратты тарату. Сондай-ақ,әскери қызметін өтеген жастарды тұрақты жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ете алатын аймақ көлеміндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың жастармен әріптестік қатынастар орнатуына жәрдемдесу болып табылады. Ескеретін жайт, бұл жобаға облысымыздың 18-ден 27 жасқа дейінгі әскерде болған жастары немесе меморандумдар жасалған әскери мекемелердің 18 жастан 35 жасқа дейінгі әскери міндеттілері (курсанттар, кадеттер, сарбаздар) қатыса алады. Егер көрсетілген алғышарттарға сай келсеңіз, кәсіби салада табысты жұмыс істеп, облысымыздың дамуына оң үлес қосуға дайын болсаңыз, ұйымдастырушылармен байланысқа шығуыңызға болады.

Айта кетейік, қазіргі таңда жоба бойынша М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясымен меморандум жасалып болып, оған қоса, алдағы уақытта полиция және төтенше жағдайлар департаменттері, қылмыстық атқару жүйесі, қорғаныс істері жөніндегі департамент, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының 5510 әскери бөлімі, Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің әскери кафедрасы және «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық ұйымы қатарлы мекемелермен меморандум жасау жалғасып жатыр.

Сонымен бірге, дөңгелек үстел барысында әскери міндеттілерді жұмысқа оналастыруды оңтайландыру тұрғысында жобаға қатысты ұсыныстар мен пікірлер білдірілді. Мәселен, жастардың париоттық сезімін жандандыру балабақшадан, одан қалды, мектеп қабырғасында және отбасында жүзеге асырылу керектігі жайлы айтылып өтті. Оған қоса, ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Алин өз сөзінде әскери адам болғандықтан, облыс әкімі Марат Ахметжановтың бұл жобаны қолдайтынын тілге тиек  ете келе, жиынға қатысушыларды бірлесіп, осы бағытта сапалы жұмыс істеуге шақырды.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар