Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы төлем туралы

Осы жылдың 1 қаңтарында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі туралы Салық кодексінің (ЕҚТА) 591-бабы қолданысқа енгізілді.

Жаяу жүргіншілер үшін төлем 0,1 АЕК, мотоциклдер, мопедтер, квадроциклдер үшін – 0,2 АЕК, жеңіл автомобильдер үшін — 0,3, 16 орынға дейінгі шағын автобустар және жүк автомобильдері үшін – 1 АЕК, 32 орынға дейінгі автобустар үшін – 2 АЕК және 32 орыннан жоғары автобустар үшін – 3 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Салық кодексінің 592-бабына сәйкес төлем сомасын төлеушілер белгіленген мөлшерлемелер мен ЕҚТА-да болған күндер санына қарай дербес есептейді. ЕҚТА шекарасындағы жер учаскелерінің меншік иелері мен пайдаланушылары жеке және заңды тұлғалар үшін олардың жұмыскерлерінің саны, стационарлық емдеу, демалыс мекемелерінде, ЕҚТА-дағы спорттық-сауықтыру мекемелерінде болатын жеке тұлғалардың саны төлемақы салу объектілері болып табылады.  Демек, кәсіпкерлік субъектілеріне әрбір келуші, сондай-ақ, қызметкерлер мен көлік құралдары үшін салық төлеу міндеті жүктеледі.

–Айта кетейік, туристік және рекреациялық мақсатта пайдаланғаны үшін ақы алынады. Бұл ретте, қызметкерлер бұл бағыттағы аумақты пайдаланбайды. Олардың осы аумақтарда болу мақсаты – еңбек қызметі және біз жұмысшылар мен олардың жұмыс берушілерінен ақы алынбауы керек деп санаймыз. Осыған байланысты ҚР ҰК 592-бабының 1-тармағының 1-тармақшасының орындылығы туралы мәселе туындайды. Сонымен қатар, көптеген кәсіпкер санаторийлер, қонақ үйлер және басқа да нысандардың иелері болып саналады. Яғни, жер оларға жер пайдалану емес, жеке меншік құқығымен тиесілі және олар ұлттық парктер аумақтарының сыртқы шекарасына кірмейді, бірақ, оларды кесіп өтуге мәжбүр, – деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

Мысалы, «Атамекенге» алғашқылардың бірі болып «Бурабай» МҰТП құрамынан шығарылған және жеке меншіктегі жерлерде өз қызметін жүзеге асыратын «Жұмбақтас» пансионаты» ЖШС, «Щучье санаторийі» АҚ жүгінді. Соңғысы, «Бурабай» МҰТП ЕҚТА мәртебесін алғанға дейін ЕҚТА аймағында орналасқан жер учаскелерінің меншік иесі (ҚР Үкіметінің 12.08.2000 ж. №1246 қаулысы).

Бұл мысалдар ҚР Конституциясына қайшы келетін жеке жер иелері мен адал кәсіпкерлердің заңды құқығы бұзылғанын көрсетеді. «Атамекен» палатасы сарапшыларының пікірінше, Салық кодексінде жоғарыда аталған қайшылықтар туризм саласындағы бизнес субъектілері үшін қолайсыз жағдайлар туғызады. Қосымша қаржылық жүктеме пайда болады, бұл көрсетілетін қызметтердің құнын арттырады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда туризм саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерден келіп түскен өтініштердің негізінде Ұлттық палата жер иелерінің ЕҚТА пайдаланғаны үшін ақы алу жөніндегі Салық кодексінің 592-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын алып тастауды ұсынады, оларға жеке меншік құқығымен тиесілі.

Сондай-ақ, ҚР ҰК 590-бабына 18 жасқа дейінгі балалардан, ЕҚТА аумағындағы демалыс аймақтары, санаторийлер, демалыс үйлері және басқа да туризм объектілеріне қызмет көрсететін көлік құралдарынан ақы алу бойынша ерекшеліктер енгізу керек. Салық кодексіне өзгерістер енгізілгенге дейін осы норманың қолданылуын тоқтата тұру ұсынылады.

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар