— Ақмола облысы аумағында «Екатеринбор-Алматы» тасжолының 1318 шақырымында, Бірсуат ауылы тұсында бірнеше көлік соқтығысқан ірі жол апаты болды.
«Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары ара қашықтықты сақтамай, жылдамдықты шамадан асырған „Toyota Camry“ көлігінің 29 жастағы жүргізушісі алда жүріп бара жатқан „Volkswagen Polo“ көлігімен соқтығысқанын анықтады. Салдарынан 11 көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті, олар түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», — деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына ПД баспасөз қызметінен.
Айта кетсек, бұдан бұрын еліміздің 6 облысында ауа райына байланысты жол жабылғанын жазған едік.
Дереккөз: kaz.inform.kz