ҚҰРМЕТТІ АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

2024 жылдың 8-9 ақпан аралығында Ақмола облысында «Көктем-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктемгі кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жою бойынша іс-қимылдарға дайындығын одан әрі жетілдіру және тексеру мақсатында өткізіледі.

Оқу-жаттығуды басқару  штабы  Аршалы ауданы, Аршалы к., Тәшенов к-сі, 47А  мекен-жайы бойынша Жастар орталығы  ғимаратында орналасады.

Оқу-жаттығуға түрлі құрылымдардың (полиция, жедел жәрдем, құтқарушылар және т.б.) арнайы техникасы жұмылдырылатын болады.

Осыған орай, тұрғындарды сабырлық сақтауға, оқу жаттығуларына түсіністікпен қарауға және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға шақырамыз.

Ақмола облысының азаматтық қорғау Ақпарат қызметі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар