Көркем туындылары ұмыттырмайды

Есімін елі жақсы білетін, туған халқы үкілеп Сәкен сері деп атаған, іргелі әдеби  туындыларымен танылған, көркем тілдің иесі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен сері Жүнісовтің туғанына 90 жыл толды.

Сәкен Жүнісов – шығармашылық еңбектің шынайы биігіне көтерілген суреткер, сан қырлытұлға.Ол 1934 жылы 1 ақпанда Көкше өңіріндегі Қызылту жерінде, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін және аспирантурасын бітірді.

Еңбек жолын «Пионер» журналында әдеби қызметкер болып бастаған.М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының қызметкері, кейін КСРО-ның Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болып қызмет атқарды. Қазақстанның халық жазушысының қаламынан туған құнды шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорынан мәңгі орын алған бағалы туындылар болып қала береді.

Атап айтсақ,жазушының«Ақан сері», «Жапандағы жалғыз үй», «Аманай мен заманай»,«Сонарда», балаларға арналған «Әжем мен емші және дәрігер», «Өшпейтін іздер»және шығармалары өткен және бүгінгі өмірді барлық күрделілігімен бейнелейді және қызықты тағдырларды баяндайды. Оның кітаптарының кейіпкерлері шындықты іздеуге құштарлығымен, тектілігімен, ой тазалығымен ерекшеленеді.С.Жүнісовтің ең танымал шығармасы ХІХ ғасырдағы әйгілі қазақ әнші-композиторы, ақыны туралы «Ақан сері» дилогиясы болды. Кітапта ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы көшпелі қазақтардың әлеуметтік өмірінің, тұрмысы мен әдет-ғұрпының жарқын суреттері бейнеленген.

Көрнекті жазушының тағы бір қыры, карикатуралар салған, домбыра, пианино, мандолин аспаптарында ойнап, ән айтқан. Сонымен қоса, ол жас кезінде қазақша күрес сайыстарына қатысқан. Шығармашылығын өлең жазудан бастап, прозамен жалғастырып, пьеса жазған.С.Жүнісов өзін драматург ретінде кеңінен танытқан 17 пьесаның авторы.Көптеген  шығармалары шет тілдерге аударылған.

Осындай, сегіз қырлы, бір сырлы Қазақстанның халық жазушысы Сәкен Жүнісовтің туғанына 90 жыл толуына орай, Көкшетау қаласындағыБірлік үлгілі кітаханасында «Қазақстанның халық жазушысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, №22 жалпы орта білім беретін мектептің 8сынып  оқушыларымен әдеби кеш өтті.Жас оқырмандар көрнекті жерлесіміздің әдеби мұрасымен танысып, ерекше қасиеттері туралы қызықты деректер тыңдады. Шығармаларынан үзінділер оқып, кейіпкерлердің тағдырларына алаңдаушылықтарын білдірді.Кеш мағыналы, мазмұнды болды.

Ұлт әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлесін қосқан Сәкен серіні оқырманы ұмытпайды, көркем туындылары ұмыттырмайды.

Өрік ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА,
Бірлік үлгілі кітапханасының кітапханашысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар