Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Щучьеде жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам ұсталды - АРҚА АЖАРЫ

Щучьеде жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

 — Щучье қаласында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне шабуыл жасалды. Бұл туралы әлеуметтік желіде бейнежазба жарияланды. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде күдікті ер адам ұсталып, үстінен іс қозғалған.

«Биылғы жылғы ақпанның 10-да Ақмола облысы ПД қызметкерлері Щучье қаласында жанар-жағар құю станциясында жедел жәрдем автокөлігінің жүргізушісіне дене жарақаттарын салған ер адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп түсіндірді Kazinform тілшісінің ПД баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, 27 қаңтарда ер азамат шақыруға келген дәрігерлер бригадасының жүргізушісімен сөзге келіп қалған. Содан соң ашуланып, жұдырық ала жүгірген. Бұл дауға ер адамның аула жолымен өте алмағаны себеп болған.

1 ақпан күні Қарағанды облысында жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар