Тартымдылығымен туристер назарын аудара алады

Ақмола облысында көрікті Бурабай, Зеренді және Целиноград аудандарымен қатар, Ақкөл ауданында да туризм белсенді дамып келеді.

Аудан аумағы бірегей табиғи, тарихи және мәдени әлеуетке ие. Мұнда медициналық қызметтері бар курорт-қонақ үй құрылысын қоса алғанда, инфрақұрылымды дамыту бойынша жобалар іске асырылуда. Қазіргі уақытта сыйымдылығы 400 төсек-орыннан асатын 10 тұрғын үй және «Глэмпинг отель 1000 жұлдыз» және «ZharShum» демалыс орталығы сияқты танымал демалыс орындары жұмыс істейді.

Жұмыс сапары аясында Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Ақкөл ауданында туризмді дамыту перспективасымен танысып, салынып жатқан «Windham Residents Aqkol Club» курорт-қонақ үйінде болып, қонақ үй өкілдерімен кездесті. Ауқымды жобаны іске асыру үшін 4 миллиард теңгеден астам жеке инвестиция тартылды.

Кездесуде экологиялық қауіпсіздік тақырыптары және Ақмола облысының туристік тартымдылығын одан әрі арттыру жоспарлары қозғалды.

– Елордалық агломерация маңындағы жаңа туристік орнындардың пайда болуы мен дамуы Бурабай курортының жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ, өңірдегі туристік саланы дамыту жолындағы маңызды қадам болады. Біздің өңірде жергілікті қонақтардың ғана емес, әртүрлі елдерден келген туристердің де назарын аудару үшін айтарлықтай әлеует бар. Ақкөл ауданы да инвесторларды тарту және туристік дестинация мәртебесін алу үшін жеткілікті әлеуетке ие, – деп атап өтті М.Ахметжанов.

Ағымдағы жылы мұнда глэмпинг түріндегі 90 қонақ үй және 120 бөлмелі қонақ үй, спорт және ойын алаңдары салынады.

Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурскийдің айтуынша, 2023 жылы Ақкөл ауданының демалыс орындарына келушілер саны 206 пайызға, ал, қызмет көрсету көлемі 149 пайызға артқан.

Жұмыс сапары Щучье-Бурабай курорттық аймағының туристік нысандарына барумен жалғасты. Облыс әкімі «Discovery Borovoe» демалыс орталығына және «Wyndham Garden Burabay» қонақ үйіне барды.

Мұнда өңір басшысына аудандағыкөлік және инженерлік инфрақұрылым жобаларының даму барысы туралы баяндалды. Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Бақтыбек Жапаев кәріз тазарту құрылыстарын салу барысы туралы хабардар етті.

Облыс әкімі ведомстводан тыс сараптамадан өтіп, іске қосу-реттеу жұмыстарын жобалау үшін техникалық тапсырманы аяқтауды тапсырды.

Сапар соңында Марат Ахметжанов Қысқы спорт түрлері бойынша Олимпиадалық дайындық орталығына барды.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар