– Бурабай тұрғындарының 15 млн теңгесін жымқырған алаяқ әйел ұсталды.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Бурабай аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті жеті тұрғын арызбен жүгінген. Зардап шегушілердің сөзінше, 2023 жылдың сәуір-қазан аралығында бейтаныс әйел олардың 15 млн теңгеден астам ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен.
«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы «алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Макинск қаласының 51 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», — деді ведомстводан.
Анықталғандай, алаяқ әйел банк алдында қаржылық қиындықтарға тап болған зардап шегушілерге несие алуға көмектесіп, оның тең жартысын өзі алып отырған. Артынша сол алған несиенің жартысын банкке өтемей кеткен.
Айта кетсек, бұдан бұрын криптовалюта алмақ болған Қосшы тұрғыны 2,7 млн теңгесінен айырылғанын жазған едік.
Дереккөз: kaz.inform.kz