Сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге қаржы бөлінді

Мемлекеттік органдардың негізгі міндеттерінің бірі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінен босатылған жәнеқылмыстық-құқықтық сипаттағы өзге де шараларға ұшыраған.

Оның ішінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды азаматтық қоғамға қайтару мақсатында әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық және құқықтық сипаттағы шаралар кешенін қолдануболып табылады. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан пенитенциарлық жүйенің проблемаларына, бас бостандығынан айыру орындарында жазаларын өтеп жатқан және одан босаған азаматтармен жұмыс істеуге ерекше назар аударып келеді. Түрме тұрғындарын азайту және қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау институттарын дамыту бойынша шаралар жүзеге асырылды.

Бұл мәселенің өзектілігіне қарамастан, 2017 жылдан бастап облыста үкіметтік емес ұйымдарға сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге қаражат бөлінбей келген.

Осыған орай, облыс прокуратураның бастамасымен уәкілетті органдармен бірнеше рет жұмыс кездесулері өткізіліп, бұл мәселе облыс прокуратурада өткен екі ведомствоаралық кеңес отырысында көтерілді.

Нәтижесінде уәкілетті органдардың қызметін үйлестіру арқылы ағымдағы жылға сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге бюджет қаражатынан 61 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

Үкіметтік емес ұйымдардың сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге қатысуы оларға материалдық көмекпен, атап айтқанда, ең қажетті тауарларды, дәрі-дәрмектерді сатып алу, оған құжаттарды дайындау және тағы басқа проблемаларды шешумен бірге психологтың қызметі, білім алу мәселелерінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар