Вакцинациялау – қызылшаның алдын алудың ең тиімді жолы

 Жуырда өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина «Ақмола облысындағы вирустық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай» туралы брифинг өткізді.

 – Облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Ағымдағы жылдың басынан бері қызылшаның расталған 270 жағдайы тіркелсе, қаңтарда желтоқсанмен салыстырғанда 229 адам тіркелді. Ал, осы жылдың ақпан айында125 жағдай расталды. Жас бойынша жағдайлардың құрылымы өзгерді. Екі жастан төрт жасқа дейінгі балалар арасында 64 пайыздан 21пайызға төмендеу, он тоғыз жастан асқандар арасында 31-ден 32,8 пайызға дейін өсу байқалады, – дейді департамент басшысы.

Өңірде сегізаптаның ішінде қызылшамен 46 адам ауырған. Науқастардың 26-сы екпе алмаған, оның ішінде, біреуінен басқасы екпе алудан бас тартқан. Ағымдағы жылдың 22 ақпанындағы жағдай бойынша 26 бала, 8 ересек, барлығы отыз адам ауруханаға жатқызылса, 66 адам амбулаторлық ем алуда. Ал, коронавирустық инфекция бойынша өткен жылы 605 жағдай тіркелсе, ағымдағы жылы COVID-19 инфекциясының төрт жағдайы тіркелген. Оның үшеуі Көкшетау қаласының тұрғындары болса, Бурабай ауданынан бір адам анықталған. Сондай-ақ, 2023-2024 жылдардағы эпидемиялық маусымның басынан бері ЖРВИ-дің 115768 жағдайы тіркеліп, өткен эпидемиялық маусыммен салыстырғанда бір есе төмендеген. Оған қоса, тұмаумен 122957 адам ауырған.

Тұмауға қарсы екпемен 101853 адам қамтылған. Бұл жалпы халықтың он үш пайызы ғана. Сондай-ақ, көкжөтелдің алдын алудың тиімді шарасы вакцинация болып табылады.2023 жылы дифтерия, көкжөтел, сіреспе, В вирусты гепатитін, полиомиелит, гемофильді тұмау инфекциясына қарсы 1 жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау аяқталған. Алайда, облыс бойынша 89,8 пайыз көрсеткіш, оңтайлы көрсеткіштен төмен болған. Қазақстан Республикасының халқы арасында ауа тамшылары арқылы таралатын жұқпалы аурулардың (қызылша, коронавирустық COVID-19, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялар) таралуын болдырмау мақсатында 8 ақпанда Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің №2 қаулысы шыққан. Оған сәйкес медициналық ұйымдарда қызметкерлер мен келушілердің медициналық бетперделерді пайдалануы міндетті болып табылады.

– Адамдар көп жиналатын орындарда, әуежай, вокзалдар, базарлар, сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары, банктерде және көліктің барлық түрлерінде медициналық немесе матадан жасалған маскаларды қолдану ұсынылады, – дей келе, Айнагүл Советқызы вирустық инфекцияның алдын алу шараларын тағы бір ескертті. Сонымен бірге, вакцинация орталықтары үзіліссіз жұмыс істейтінін, әкімдіктер балаларды емханаға жеткізу үшін көлік бөлетінін айта кету керек. Эпидемиологиялық жағдайда, вакцинация – ең тиімді профилактикалық шара екенін естен шығармаған дұрыс.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар