Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
27 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты заңсыз төленген - АРҚА АЖАРЫ

27 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты заңсыз төленген

Есіл ауданының прокуратурасы мектепті күрделі жөндеубарысында атқарылмаған жұмыс актілеріне заңсыз қол қою және бюджет қаражатынан жалпы сомасы 27 миллион теңгеден астам артық ақы төлеу фактілерін анықтады.

Мердігер жасасқан келісім-шарт талаптарын бұзуының салдарынан мектеп шатырын жабу, терезесін орнату және тағы басқа да айтарлықтай жұмыс көлемі орындалмай қалған, соның салдарынан мектептің күрделі жөндеу жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмаған.

Осыған байланысты прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде мердігер ұйым мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы болып танылды және тиісті құрылыс-монтаж жұмыстарын орындамағаны үшін оған 1 380 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, ӘҚБтК-нің 312-бабының 2-бөлігі бойынша лицензиясынан айырыла отырып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен бірге, осыған жол берген лауазымды тұлғалар да тәртіптік жауапкершіліксіз қалмады.

Прокуратура тарапынан қабылданған осындай шаралардың арқасында нысанда атқарылуы тиіс жұмыстар белсенді түрде қайта басталып, тиянақты жалғасын табуда.

Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар