Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қор өкілдері дәрігерлермен кездесті - АРҚА АЖАРЫ

Қор өкілдері дәрігерлермен кездесті

«Әділдік және Өркендеу» қоғамдық қорының ақмолалық белсенділері Көкшетау қалалық емханасы қызметкерлерімен кездесіп, Қордың мақсат-міндеттерімен таныстырды.

Бүгінде денсаулық сақтау саласындағы жылдар бойы қордаланған түйткілді мәселелер аз емес. Кадр тапшылығы, емханалар мен ауруханалардағы ұзын-сонар кезек, медициналық құрылғылар мен құрал-жабдықтардың тозуы сияқты мәселелер баршылық. Қор белсенділері ақ халатты мамандарға ел халқына арнаған үндеудің негізгі бағыттары туралы түсіндірді. Ең бастысы, Президент реформаларын жүзеге асыруда халық үніне құлақ асатын мемлекет жүйесін құру жоғарыдан емес, төменнен басталуы тиіс екендігі тілге тиек етілді. Ол үшін қарапайым адамдар да сырт қалмай, ортақ мүдде үшін күш біріктіру маңызды болып табылады. Қор үндеуіндегі медицинаны жаңа сапаға көтеру талаптары да кеңінен ортаға салынды.

“Иә, медицина саласында өзекті мәселелер жетерлік. Оны күнделікті өмірде өздеріңіз де, Сіздерге қаралып ем қабылдап жатқан тұрғындар да көріп жүр. Дәрігерлердің жетіспеушілігі, жалақының төмендігі, әлеуметтік көмек сияқты түйткілді мәселелер бар. Бұлардың бәрі бірлесе әрекет етсе ғана шешімін табуы мүмкін. Сондықтан сіздерде ортақ мәселеге үн қосуларыңыз қажет”деді Қор өкілі Бақыт Смағұл.

Өз кезегінде медицина қызметкерлері де күнделікті жұмысында көріп жүрген жайлармен ойларын бөлісті. Атап айтқанда, ақ халаттылардың туберкулезге қарсы сауықтыру кабинеттерінде адам денсаулығына зиян келтіретін ультрасәулелер және УЗИ және басқа да құралдармен жұмыс істейтін адамдардың денсаулыққа қауіпті ортадағы мәселелері де айтылды.

“УЗИ, рентген кабинеттерінде медицина мамандарын мен мейірбикелерге міндетті зейнетақы кәсіби жарна төленеді. Бірақ дәл осы қауіпті медицина мамандарымен қатар көріп жүрген санитар қызметкерлерге бұл міндетті зейнетақы төленбейді. Сондықтан зейнетке де уақытында шыға алмайды. Осы мәселе тұтас республика аумағында бар. Аталған жарна 2014 жылдан бастап төленіп келеді” дейді емхана қызметкері Айгүл Нұрғалиева.

Кездесуге қор белсенділері Владислав Щуль және Абзал Алпысбайұлы қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Кездесу соңында медицина саласындағы Қор қызметі туралы сауалдар қойылып, толымды жауаптар берілді.

https://adildik.org.kz/manifest/kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар