Қор өкілдері медицина мекемесінде болды

Бүгін «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының ақмолалық белсенділері Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр кентінде Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы жанындағы бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығында болып медицина қызметкерлерімен кездесті.

Бас ауырып, балтыр сыздаса әр адам ең алдымен медициналық мекемелерге барып жанына шипа іздейтіні даусыз. Адам жанының арашашысы саналатын сала мамандары – дәрігерлерді де алаңдататын түйткілді жайлар аз емес.

Қор өкілдері Владислав Шуль мен Абзал Алпысбайұлы меицина мекемесі қызметкерлеріне жаңадан құрылған қоғамдық қордың Манифест-Үндеуінің негізгі бағыттары мен қағидаларын түсіндіріп, әділетті қоғам құру жолындағы мақсат жайлы ойлар ортаға салынды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қолға алған «Әділетті Қазақстан» жобасының шын мәнінде ел ішінде қолдау табуы маңызды.

Қор алғаш құрылған сәтінен бастап бүгінгі медицина саласындағы мемлекеттік медициналық әлеуметтік сақтандыруда қордаланған мәселелерге барынша назар аударып келеді. Медицина саласының қызметін заманауи стандарттарға жеткізу атқарушы биліктің де, азаматтық қоғамның да белсенді жұмысына байланысты болмақ.

«Билік пен бұқараның арасындағы кері байланыстың болу қажеттігі сөзсіз. Бірақ ол қалай құрылмақ? Күнделікті өмірде әр еңбек адамының, зейнеткерлердің, жастардың, жалпы барлық азаматтардың мұң-мұқтажын жоғары жаққа жеткізу, оны құр айтып қана қоймай түбегейлі шешуге ықпал ету Қор жұмысының негізгі бағыты. Сондықтан ортақ іске бірлесіп күш біріктіруге, бірлесіп Әділетті Қазақстанды құруға атсалысуға шақырамыз» деді Қор өкілі Владислав Щуль.

Өз кезегінде ұжым дәрігерлері мен медицина қызметкерлері Қор жұмысына қатысты сауалдарын қойып, оған толыққанды жауап алды.

https://adildik.org.kz/manifest/kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар