Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Ақмола облысы туризмде көшбасшы аймақтың бірі» - АРҚА АЖАРЫ

«Ақмола облысы туризмде көшбасшы аймақтың бірі»

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Ақмола облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізді. Жиынға өңірдің әр аймағынан келген азаматтар, қоғам белсенділері, БАҚ, спорт және турбизнес түрлері бойынша жергілікті федерациялардың өкілдері, өңірдің атақты спортшылары және өзге де азаматтар қатысты.

Кездесуді Ермек Маржықпаев министрліктің қазіргі қызметі, туризм және спорт саласындағы реформалар, лудоманияға қарсы күрес шаралары және ведомствоның алдағы жоспарлары туралы баяндамадан бастады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша елімізде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтардың үлесі 40,4 пайыз немесе 8,1 миллион адамды құрайды.

Облыста 37 мыңнан астам бала мен жасөспірімге дене шынықтырумен айналысуға жағдай жасалған. Кездесуде еліміздің өңірлері арасында олимпиадалық спорт түрлері бойынша жастар құрама командаларының құрамына спорттық резервті дайындау бойынша көшбасшылардың бірі Ақмола облысы екені айтылды. Облыста 29 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, оның 9-ы қалада, 20-сы ауылда. Өңірде 19783 бала спортпен шұғылданады. Бұдан бөлек, 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен айналысатын мүгедек адамдардың саны 2 408 адамға немесе 17 пайызға жеткен.

– Спорт инфрақұрылымын дамыта отырып, бұқаралық спортты танымал ету, дені сау ұлтты қалыптастыру – негізгі міндеттің бірі. Осыған байланысты спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру мемлекеттің ерекше бақылауында. Бүгінгі таңда 1000 адамға шаққанда спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз ету 52,2 пайызды құрайды, оның ішінде Ақмола облысы бойынша – 60,4 пайыз, – деп атап өтті Ермек Маржықпаев.

Ақмола облысы – туристік салада еліміздің басым бағыттарының біріне ие. Туризм саласында қызмет көрсету бойынша өңірдің үлесі 9 пайыздан асады. Мұның өзі 175,7 миллиард теңгенің 16,5 миллиард теңгесі  осында игеріледі деген сөз. Мұнда елдің барлық орналастыру орындарының 9 пайызға жуығы шоғырланған. Бұл – республика бойынша 4009 орналастыру орнының 353-і. 2023 жылғы үш тоқсан қорытындысы бойынша аймақ туризмінің негізгі көрсеткішінде оң динамика байқалады. Өңірге келетін туристер саны 956,7 мың адамды құрайды, оның 16 мыңға жуығы шетелдік туристер. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда 3,2 мың адамға көп. Яғни, 9 айда 12,6 мың шетелдік саяхатшы келген.

–Біз еліміздің қолда бар орасан зор туристік мүмкіндігін толық пайдалануымыз керек. Ақмола облысы еліміздің туристік саласында ерекше орын алады. Аймақ алуан түрлі ландшафтарымен және мәдени бай мұрасымен ерекшеленеді. Туристік өнімнің негізі – емдеу-сауықтыру және экотуризм, – деді Ермек Маржықпаев.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында ойын бизнесі мен лотереялардыұйымдастырушыларғамемлекеттікбақылаужалғасуда, сондай-ақ,ойынғатәуелділіктіңалдыналубойыншакешендішараларқабылданды. Жалпы, 2021 жылданбүгінгікүнгедейінойынбизнесісубъектілерінің саны 71-ден 29-ға дейінқысқарды. Түсіндіру жұмыстарыныңнәтижесінде 17 букмекерліккеңсеөзеркіменлицензияларынқайтарды. Сондай-ақ, 2023 жылытексерунәтижесінде 9 букмекерліккеңсе, 5 тотализатор және 1 ойынавтоматтарызалыныңлицензиясыалынды.

Есеп беру кездесуіненкейін министр жеке қабылдау өткізіп, азаматтардыңсұрақтарынажауапберіп, олардыңмәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар