Қоғамда үлкен сілкініс бар…

Ел ішіндегі саяси реформалар мен олардың жүзеге асырылуы қоғамның да оған әзір екенін айғақтайды. Мемлекеттің дамуы жолында жаңа бағдарламаларға қарапайым халықтың да араласуға мүмкіндік алуы заң алдындағы әділеттіліктің қолға алынғанын көрсетеді.

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Аманбай Сейтқасымов Қазақстан үлкен саяси өзгерістер мен реформалар үстінде екенін айтады. Ол жаңадан құрылған «Әділдік және өркендеу» қорының халықтың мұң-мұқтажын шешу мақсатындағы қозғаған бастамалардың өз жемісін беретініне сенімді.

«Сайлауға байланысты, саяси партиялар, әкімдерді сайлау сияқты көптеген өзгерістер жүзеге асырылды. Қоғамда саяси үлкен сілкініс бар сияқты. Халықтың қоғамдық қатынастарға араласуы өсіп келеді. Кез келген қоғамдық ұйым халықтың игілігіне жұмыс істеп, ортақ іске мұрындық болып жатқаны жақсылықтың нышаны деп ойлаймыз. «Әділдік және өркендеу қоғамдық қорының манифестімен танысып шықтым. Қарапайым халықтың әл-ауқатын арттыру, еңбек адамының мүддесін қорғау, елдегі болып жатқан саяси реформаларды қолдау сияқты бастамалары көңілімнен шықты», – деді ол өз сөзінде.

https://adildik.org.kz/manifest/kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар