Су тасқынына қарсы нақты істің көрінер кезі

Жуырда Бурабай және Бұланды аудандары әкімдерінің орынбасарлары өңірлік коммуникациялар қызметінде «су тасқыны кезеңінде жергілікті атқарушы органдардың дайындығы» туралы брифингке қатысып, атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады.

Екі аудан да төтенше жағдайларға қажетті қаражатпен қамтылған. Су басу қаупі бар ауыл-аймақтар басты назарға алынған. Бүгінгі күндері елді мекендерден қар шығару жұмыстары қызу жүріп жатқаны белгілі болды.

– Аудан әкімдігінің 2024 жылғы 22 ақпандағы қаулысымен Бурабай ауданының аумағында көктемгі кезеңдерде тасқын суларды жою және апатсыз өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Оған тұрақты негізде орындалатын 23 іс-шара кіріп, аудандық жедел штабтың құрамы бекітілді. Ағымдағы жылға аудандық бюджеттен төтенше жағдайлардың алдын алуға және жоюға 13,4 миллион теңге қаржыбөлінсе, шұғыл шығындар резервіне50 миллион, төтенше резервке 50 миллион теңге көзделді. Және де жолдарды қысқы кезеңде күтіп ұстауға, қарды шығаруға 140 миллион теңге қарастырылды, – деді аудан әкімінің орынбасары Ораз Смағұлов. Бүгінгі таңда аудан әкімдігі 15 тонна жанар-жағармай және 2 мың дана қап контейнерлерін сатып алған. Апатты жағдайға 1000 тонна инертті материалды жеткізу бойынша «Луцк» ЖШС-мен меморандум жасалған.

Бурабай ауданының аумағында 4 гидротехникалық құрылыс бар, оның ішінде «Щучье қалалық саяжайлар» қоймасы республика, Веденов бөгені облыстың энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының, Фролов бөгеті мен Кенесары су қоймасы ауданның коммуналдық шаруашылық бөлімінің меншігінде.

– Елді мекендер мен инфрақұрылымды су басу қаупін жою мақсатында барлық бөгеттер босатылып, транзиттік режимге көшірілді», – деп сенім білдірді сөз барысында аудан әкімі Веденовбөгеті Веденовка ауылының шетінде Аршалы өзенінің сағасында орналасқан. 1970 жылы пайдалануға берілген.Су қоймасының жобалық көлемі 10 миллион текше метр. Суды ағызу реттелмеген, яғни, автоматты ағызу жоқжәне дренаждық арна арқылы жүзеге асырылады. Гидротехникалық құрылыстың жағдайы қанағаттанарлық емес делінген.

– Бұланды ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар ағымдағы жылдың 25 ақпанында басталды. Қардың көп түсуіне және топырақта ылғалдың көп болуына байланысты аудан әкімдігі су тасқыны кезеңінің келеңсіз зардаптарын болдырмау шараларын қабылдады. Осы жоспарға сәйкес су тасқыны кезеңіне тиісті дайындық жүргізілуде. Төтенше жағдайларды жою үшін мобильді топтар ұйымдастырылды. Жанар-жағармайдың меморандумдары жасалып, қажетті мөлшердегі инертті материал мен қаптар дайындалды. Ауданда барлығы 18 мотопомпа жұмыс істейді. Аудан әкімдігі шланг бөлшектері бар тағы 4 мотопомпа сатып алды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 22 самосвал, 8 жүк тиегіш, 8 кәріз машиналары, бір бульдозер, бір экскаватор және бір трал тартылады. Су тасқыны кезеңінде аудан аумағында су тасқыны құбылыстарына бейім 8 елді мекенде зардап шеккен тұрғындар мен жануарларды қабылдау үшін 8 негізгі пункт жұмыс істейді, – деп Бұланды ауданы әкімінің орынбасары Бақтыбек Жапаев та өздеріндегі жұмыс жоспарын таныстырды.

Бұланды ауданында ауылдық округтер әкімдіктерінің балансында тұрған 2 гидротехникалық құрылыс бар, олар, Иванковка ауылындағы  осы аттас  гидротехникалық ғимарат пен Қараөзек ауылдық округіндегі «Прохоровко – Колоколовка» бөгеті. Айта кетейік, Иванковка  гидротехникалық нысаны апатты жағдайға ауыстырылып, ауыл тұрғындарына қауіп төндірген. Тұрғындарды дер кезінде хабардар ету үшін ауылда «Иванковка НС» ЖШС базасында «С-40» электр дабылы орнатылған. Қазіргі уақытта ол жұмыс істеп тұр. Осы жағдайға байланысты, Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы «Бұланды ауданындағы Иванковка бөгетін қайта құру» жұмысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеген. Жауапты мердігер ретінде «НПП Биосфера» серіктестігі анықталып, жобаның сметалық сомасы 310 миллион теңге көлемінде бекітілген. «Қазіргі уақытта жобамемлекеттік сараптамада. Сараптама мерзімі 45 жұмыс күні, қорытындыны 2024 жылдың сәуір айында алу жоспарлануда. Осы сараптаманың қорытындысы бойынша Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қаржы ресурстарын бөлуге бюджеттік өтінім береді» – дейді Бақтыбек Бекенұлы.

Сондай-ақ, «Прохоровка-Колоколовка» бөгетінің жағдайы да ойдағыдай емес. Оның көлемі 4 миллион текше метр. Нысан 1975 жылы пайдалануға берілген, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығы үшін маңызы бар. Бұл бөгетті күрделі жөндеу жұмысы бойынша жобасы әзірленген. Бүгінгі таңда бөгеттегі судың көлемі шамамен 2,7 миллион текше метрді құрайды.

Сонымен, аудан басшыларының сөздеріне сенсек, су тасқынын болдырмауға, біраз  қарекет бар сияқты. Тек сын үстінде жағдай басқаша болмаса болғаны.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар