Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Наурыз мейрамымен құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді шын жүректен жарқын мереке – Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Бағзы ғасырлардан бұл мереке заманалар мен ұрпақтардың үздіксіз байланысын паш етіп, бүкіл тіршілік біткеннің көктемгі жаңаруын бейнелеп келеді. Адамдардың ізгі ұмтылыстарын, жарқын істер мен жасампаз өнегелерін айғақтайтын жалпы халықтың мерекенің өрелі салттары бізді бір-бірімізге қолұшын беруге, жоғары ақыл-парасат пен адамгершіліктің үлгісі болуға үндейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біздің халық Наурызбен әрқашан ең жарқын үміттерімен келешегін байланыстырады. Қазақстан өз дамуының жаңа кезеңіне қадам басты. Жүргізіліп жатқан түбегейлі қайта жаңғыртулар біздің еліміздің дамып, өркендеуіне қуатты серпін беретіндігіне сенімдімін» деп атап көрсеткен болатын. Бүкіл елімізбен бірге, әрдайым достықтың, келісім мен бірліктің үлгісі болып табылатын біздің облыста қатар дамып келеді. Бүгінгі таңда аймағымызда мемлекеттік салалық бағдарламалар табысты іске асырылып, өнеркәсіптік және әлеуметтік нысандар салынуда, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Біздің аймақтың бұл жетістіктері сіздер мен біздердің бірлескен жасампаз жұмысымыздың нәтижесі.

Қымбатты жерлестер! Сіздерге зор денсаулық, жақсылық пен келісім тілеймін! Әз-Наурыз әр үйге, әр отбасына молшылық пен жайлылық әкелсін! Көктем күндері жүректерге шабыт пен жасампаздыққа ұмтылатын қажыр-қайрат сыйласын!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар