Ұлттық киім сан қырымен жайнады

Биылғы жылы Наурыз мейрамы елді жаңарту және жаңа құндылықтарды қалыптастыру бағытындағы бірлік, бауырластық пен ынтымақ мерекесі ретінде жаңа нақышта атап өтіледі.

Мерекенің жаңа дәстүрлерін құру үшін Наурызнаманың жыл сайынғы онкүндігі 14-23 наурыз аралығында жарияланып, әр күннің тақырыптық бағыттары айқындалды.

«Наурызнама» онкүндігінің бесінші күні, 18 наурыз – Ұлттық киім күніне арналды.

«Ұлттық киім» күніне арналған этно дефилеге Ақмола облысының мәдениет қайраткерлері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанындағы Ақмола облысының іскер әйелдер кеңесі, Ақмола облысының мәслихат депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдар, спорт шеберлері, білім саласының қызметкерлері, денсаулық сақтау қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері, «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары қатысты.

Мерекелік шараға қатысқан ұжымдардың барлығының да киген киім үлгілері мен өнерлері көпшілік көңілінен шығып, Жаңа жылымызды айшықтап жатқан мейрамға үлкен ықылас, мол пейілмен келгендіктері аңғарылып тұрды. Осылайша, Ұлыстың ұлы күнін жаңаша тойлаудың тағыбір жарқын өнегесі жиналғандар көңілінен шығып, Самарқанның көк тасы еритін келісті күннің ажары мен базары әр жүректі баурай түсті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар