Өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын іске асыру барысын сүйемелдейтін болады

Облыс әкімдігінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Іс-шара барысында өңір басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытатын құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту үшін субъектілер өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын маңызды шаралардың бірі болып табылатынын атап өтті.

«Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында және 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыру мақсатында өңірде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Аталған бағыт бойынша бүгін біз әлеуметтік нысандарға мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бюджет қаражатын ұтымды пайдалану мәселелерін қарастырамыз», – деп атап өтті облыс әкімі Марат Ахметжанов.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Асхат Оразхан 2023 жылы тәуекелдер картасын іске асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім әлеуметтік маңызы бар салаларда 3 сыртқы талдау және 8 мониторинг жүргізілгенін, оның қорытындысы бойынша 40-қа жуық нақты ұсынымдар енгізілгенін хабарлады.

Мәселен, білім беру саласында бюджет қаражатын жоспарлау және игеру үдерістерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін білім беру ұйымдарында бірыңғай цифрлық есепке алу бойынша бюджеттік қаражат бойынша барлық үдерістерді толық автоматтандыруды қамтамасыз етуге арналған пилоттық жоба енгізілді және сәтті сыналды.

Мысалы, ұйым басшысының бет биометриясы бойынша төлем құжаттарына қол қою мәселесі пысықталды. Бұл ЭЦҚ-ны бухгалтерлерге беру тәуекелдерін жояды және ұйым басшыларының жауапкершілігін күшейтеді. Барлық әзірленген ұсынымдар жоба шеңберінде конкурс арқылы сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшеліктерінде көрсетілген.

Өткен жылдың соңында өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі құрылысы созылып кеткен 15 әлеуметтік нысанды сүйемелдеуге алды. Оған қоса құрылыс ресурстары құнының қымбаттауына байланысты мерзімдерді ұзарту және жобаларды түзету бюджетке қосымша жүктеме түсіреді.

«Нәтижесінде уәделенген үйлер мен инфрақұрылымды жылдар бойы күткен халық зардап шегеді. Бұл мәселелер жедел шешімді қажет етеді. Облыс әкімдігімен бірлесіп проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау жоспары бекітілді, қазір сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіп жатырмыз», – деді Асхат Оразхан.

Отырыста сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалануды болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыру мәселелері қаралды.

Шараны қорытындылай келе өңір басшысы аудандар мен қалалар әкімдеріне және  басқарма басшыларына мерзімі ұзаққа созылған құрылыстарды аяқтау бойынша жұмысты жалғастыруды, жұмсалатын бюджет қаражатының ұтымдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуді, сондай-ақ МӘТ іске асыру мерзімдері мен сапасына бақылауды күшейтуді тапсырды.

«Қалалар мен аудандардың әкімдерін, басқарма басшыларын аталған бағыттардағы жұмыстарды іске асыру үшін дербес жауапкершілік туралы ескертемін, әрбір басшыдан бұзушылықтарды болдырмау және кемшіліктерді түзету бойынша пәрменді шаралар қабылдауды талап етемін», – деп түйіндеді өңір басшысы.

Дереккөз:  www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар