Көкшетауда 4 сарбаз аяқ астынан ауруханаға түсті

— Көкшетаудағы 55/10 әскери бөлімінің 4 сарбазы «пневмония» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Дәргерлер науқас сарбаздардың жағдайы туралы айтты.

Төрт сарбаздың үшеуі наурыздың 18-де Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасының пульмонология бөлімшесіне жатқызылған.

Дәрігерлер науқастардың жағдайы бірқалыпты деп отыр.

«Дүйсенбіде Көкшетау қаласындағы 55/10 әскери бөлімнің 2001, 2002 және 2004 жылғы үш сарбазы „пневмония“ диагнозымен түсті. Анализдар алынып, қазір зерттелуде. Науқастардың жағдайы орташа, толық көлемде ем алып жатыр», — деп түсіндірді Kazinform тілшісінің сауалына Көкшетау қалалық ауруханасының баспасөз қызметінен.

Ал бір сарбаз Қ.Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығында ем алуда. Оған «аурханадан тыс екі жақты төменгі бөліктік пневмония» диагнозы қойылған.

«Бізге түскен кезде бас ауруы, дене қызуы 40 С дейін, терең тыныс алғанда кеуде ауыруы, тамақ ауруы шағымдары болды. Қазіргі кезде тамақ ауруы, құрғақ жөтелге шағым бар. Ал жалпы, жағдайы ауырлықтағы орташа деңгейінде. Тиісті ем қабылдауда», — деп түсіндірді дәрігерлер.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында жыл басынан бері қызылша жұқтырудың 244 дерегі тіркелгенін жазған едік.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар