Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан асып, теміржол вокзалы маңын су басты - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан асып, теміржол вокзалы маңын су басты

 — Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан асып тасыды. Салдарынан Теміржол маңы ауданындағы Шалқар көшесінің бойындағы тұрғын үйлер мен аулаларды су басты. Су үйлердің подъездеріне кіруде.

Қылшақты өзенінің арнасынан асқандығы туралы видеоны жергілікті БАҚ пен тұрғындар әлеуметтік желіде жариялады. Онда су тасқынына байланысты қалалық №12 орта мектептің маңындағы және Абай көшесінің тұсындағы Қылшақты өзені арқылы өтетін көпірлер жабылғаны айтылады. Судың ағысының күштілігі сондай, сол маңдағы тұрғын үйлер мен көшелерге жайылу қаупі бар.

Дегенмен, желідегі видеодан ағын судың тұрғын үйлердің аулалары мен подъездеріне кіргенін көруге болады.

Қазіргі кезде, қалалық коммуналдық қызметтер мен тиісті органдардың қызметкерлері мен техникалары су сору жұмыстарын жүргізуде. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, Қылшақты өзені арқылы өтетін Абай көшесі бойындағы көпірдің тұсында мұз кептелісі орын алған.

«Көкшетау қаласындағы су тасқынына қарсы жұмыстарға Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 41 адам мен 9 мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан 13 адам және 7 инженерлік техника, М.Ғабдуллин атындағы АҚ академиясынан 50 курсант жұмылдырылды. Дәл қазір Абай көшесіндегі көпірдің алдындағы мұз кептелісі жойылуда», — деді Көкшетау қалалық әкімдігінен.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында бірқатар жолдарды су басқанын жазған едік.

Дереккөз: kaz.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар