Басқаларға сабақ болар ма екен?!.

Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлға бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі сотта қарау барысында, прокурор бұл адамның сот үкімімен көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғанын анықтады.

Осылайша, құқық бұзушының іс-әрекетінде Қылмыстық кодекстің 346-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері, яғни, көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына және ішімдік ішіп, масаң күйде болғанына қарамастан жүргізу жағдайы байқалды.

Сөйтіп, прокурордың өтінішхаты бойынша ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу тоқтатылып, тексеру материалдарыаудандық прокуратураның қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарламаларды есепке алу кітабына тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастау үшін Бурабай аудандық полиция бөліміне жолданды.

Нәтижесінде Бурабай аудандық сотының үкімімен бұл азамат көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына тартылды.

 Ақмола облысының прокуратурасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар