Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Ораза Айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті жерлестер, ардақты ағайын!

 Баршаңызды күллі мұсылман қауымының ұлық мерекелерінің бірі – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын!

Ораза айт мерекесі барлық қазақстандықты біріктіретін ортақ мейрам. Осы күні араздасқандар татуласып, мейірім орнаған.

Қасиетті Рамазан айында ұстаған ораза, берген зекет пен пітір садақ, ауызашар, жасаған дұға-тілектер қабыл болып, еліміз аман, жұртымыз тыныш, беріктігіміз бекем, бауырымыз бүтін болсын.

Сіздерге зор денсаулық ұзақ ғұмыр баянды бақыт, ынтымақ пен бірлік, отбасыларыңызға құт-береке тілеймін!

Елімізге түскен ауырпалық артта қалып, Оразадан оразаға, айттан айтқа аман-есен жете берейік!

Айт қабыл болсын!

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар