Су шаруашылығы саласына мамандар даярлауымыз қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысы өткені, онда елдің ғылыми-технологиялық саясатының одан әрі басымдықтары айқындалғаны белгілі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде барлық уақытта ғылым дамудың басты кілті болып саналатынын атап өтті.

–Өкінішке орай, біздің елде көптеген жылдар бойы ғылымға тиісті көңіл бөлінбеді. Осыған байланысты көптеген шешілмеген мәселелер жинақталды. Бұл сала артта қалды деп айтуға болады. Егер біз өркендеген ел болғымыз келсе, бұл олқылықтың орнын толтыруымыз керек, – деді ғылыми қызметті қаржыландыру, өндіріске заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне тоқтала отырып, өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жылдары мемлекет техникалық білім беруді дамытуға үлкен көңіл бөлуде. Бұл ретте, жоғары оқу орындары мен колледждерде жаңа мамандықтар ашылып жатқандығы қуантады. Бірақ, экономиканың көптеген салаларында техникалық бейіндегі мамандардың тапшылығы әлі де жоғары.

Бүгінде елімізде бұрын-соңды болмаған су тасқыны болып жатқан кезде мелиорация, болжау, табиғи апаттардың алдын алу мәселелерін шешуге кешенді ғылыми көзқарас қажет екені анық. Өкінішке орай, Ақмола облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінде бүгінде су саласына мамандар даярланбайды. Менің ойымша, жоғары оқу орындарының құрылтайшылары уақыт талаптарын ескере отырып, мамандықтар тізімін қайта қарауы керек.

Күрт континентальды климат, күрделі ауа райы жағдайлары Ақмола облысының ауыл шаруашылығы  кәсіпорындарына да көптеген проблемалар туғызады. Бұған дәлел – өткен жылғы егін жинау науқаны. Алдағы жаз егіншілер үшін қандай болатынын да болжау қиын.

Бір сөзбен айтқанда, қай салада, қай жерде болмасын,цифрлық технологияларды, техникалық дағдыларды және заманауи ғылыми тәсілді шебер үйлестіре алатын мамандар қажет.

Бейбіт ЖҮСІПОВ,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар