Қаржы пирамидасының құрбаны болды

Заңсыз қаржы пирамидасын ұйымдастыру үлкен қылмыс болып саналады. Жуырда сот осындай қаржы пирамидасын құрған Көкшетау қаласының «Н» есімді тұрғынын бас бостандығынан айырды.

2022 жылғы қазан мен 2023 жылғы сәуір аралығында «Н», адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, көптеген азаматтардың аса ірі мөлшерде ақшаларын тарта отырып, «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасының бөлімшесін құрып, соған басшылық еткен. Бұл әрекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 217-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сайкеледі. «Н.» бұдан кейін фармацевтикалық зауыт салу, диеталық қоспалар мен басқа да дәрі-дәрмектерді дамыту үшін салымшы азаматтардың қаражаттарын заңсыз айналымға тартқан. Осылайша салымшыларға сыйақы алу арқылы табыстың тез өсетініне уәде берген. Ол осылай Көкшетау, Астана, Алматы қалалары және Солтүстік Қазақстан облысы азаматтарының 300 миллион теңгеге жуық ақшалай қаражатын қаржы пирамидасына салғызған.

Сот процестері нәтижесінде жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, «Н.»-нің пәтерін тінту хаттамасымен және істің басқа да материалдарымен оның кінәсі дәлелденді. Сөйтіп, сот үкімімен мүлкі тәркіленіп, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталушыдан 17 жәбірленуші азаматтардың пайдасына жалпы сомасы 16 миллион теңгеден астам келтірілген шығын өндіріліп алынды. Бірақ, сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Көкшетау қалалық соты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар