Жастарды көктемгі әскерге шақыру жүріп жатыр

Ақмола облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменті осы көктемде 2000-нан астам азаматты әскерге аттандыруды жоспарлап отыр.

Департамент өкілдерінің айтуынша, әскерге шақырылушылар жылдан жылға артып, бұл көрсеткіш жоғарлауы мүмкін. Ағымдағы жылы көктемгі әскерге шақыру науқаны 1 наурызда басталған болатын. Ол 30 маусымға дейін жалғасады.

– Қазіргі кезде әскерге шақыру науқаны белсенді өтіп жатыр. Әскерге баратын азматтардың құштарлығы жоғары. Азаматтық борышын өтеуге дайын. Әскери қызмет әр азаматтың парызы болып саналады. Биылғы жылы әскерге шақырылушы азаматтар, көбінесе десанттық шабылдау бригадасы, әуе қорғаныс күштері, мемлекеттік күзет қызметі және шекара қызметінде борыштарын өтегісі келетіндерін айтады, – дейді өз сөзінде департамент бастығының орынбасары, әскерге шақыру жұмысы мәселесіне жетекшілік ететін басқарма бастығы, полковник Қанат Омаров.

Бүгінгі таңда науқан басталғалы өңір бойынша әскерге 350-ге жуық азаматтар жіберілген. Оның ішінде, шекара қызметіне 170-тей, Қазақстан Қарулы Күштеріне 170-ке жуық азамат әскери борышын өтеуге аттанған. Алдағы уақытта Қазақстан Қарулы Күштеріне 500, Ұлттық ұланға 350 және Төтенше жағдайлар министрлігіне 20 әскерге шақырылушыны борышын өтеуге жіберу жоспарлануда.

–Қазіргі кезде бұл жұмыстарды цифрландырып жатырмыз. Бұл азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді жеңілтедеті. Осы жылы медициналық тексерістен өту барысында азаматтардан денсаулық кінәраттары, атап айтқанда, көздің нашар көруі, құлақ, тері аурулары байқалып жатыр, – деп атап өтті Қанат Жанабайұлы.

Сондай-ақ, әскерге шақырылатын азаматтарды ынталандыру мақсатында жоғары оқу орнына ұлттық бірыңғай тестілеусіз түсуге мүмкіндік көзделген. Оған қоса, әскерге алынған азаматтың несиесі бар болса, оған 13 айға кредиттік каникул беру қарастырылған. Айта кетейік, әскери борыш пен Отан қорғау әр азаматтың азаматтық парызы. Алайда, әскерге шақырылушылардың азаматтық міндетінен уақытша немесе тұрақты түрде босататын жағдайлар да бар. Олар отбасы немесе денсаулық жағдайы және білім алуды жалғастыру үшін әскерге шақырылудан кейінге қалдырылуы мүмкін.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар