Егіндікөл ауданында екі дос, жергілікті колледж түлектері ұрлық жасаған.
Егіндікөл ауылында түнгі уақытта «Х.» және «Ш.» үйлердің ауласында тұрған автокөліктерден бензин ұрлап, көлік ішіне кіріп, автомагнитолдарды алған. Бұл Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы,3-бөлігінің 2,3-тармақтары бойынша қылмыстық іске жатады, яғни, көлік иелеріне материалдық шығындар келтіргендерін сотта «Х.» және «Ш.» кінәларын мойындады, өкініш білдіріп, барлық келтірген шығындардықайтарды. Жәбірленушілер сотталушыларды кешіріп, соттан оларды бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Жаза тағайындауда сот сотталушылардың кінәларын мойындап, шын жүректен өкінулерін, келтірілген залалдың өтелуін ескерді.
Сөйтіп, сот үкімімен «Х.» және «Ш.»-ның әрқайсысына 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу тағайындалды, пробациялық бақылау белгіленіп, тиісті міндеттер жүктелді. Оған қоса, сотталғандар жазасын өтеу мерзімі ішінде жыл сайын 100 сағаттан қоғамдық орындарда мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды.
Сот отырысын ашық түрде өтіп, оған жергілікті колледждің студенттері қатысты. Сот процеске қатысушыларға құқық бұзушылықтың салдарын түсіндірді.
Егіндікөл аудандық соты.