Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Марат Ахметжанов Оразақ ауылындағы бөгеттің жағдайын тексерді - АРҚА АЖАРЫ

Марат Ахметжанов Оразақ ауылындағы бөгеттің жағдайын тексерді

Оразақ ауылында қорғаныс бөгетін нығайту жұмыстары жүргізілуде, онда эрозияға ұшырау қаупіне байланысты Ынтымақ және Сарқырама су қоймаларынан су ағызу кезінде елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Целиноград ауданына жұмыс сапары барысында белгілі болды.

Өңір басшысы жағдайды және орындалған жұмыс көлемін бағалай отырып, бөгет бойымен жеке өзі жүріп өтті.

«Мамандардың есептеуі бойынша қазіргі уақытта су көлемі 1 миллиард 200 миллион текше метрді құрайды. Бұл су Қарағанды жақтан Нұра өзені арқылы келеді. Қазіргі уақытта ондағы су деңгейі төмендеп, жағдай тұрақтанды. Бұдан былай көп су күтілмейді», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, 10 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін Оразақ ауылында 20 мың қап құм төселді, бұл 200 метр бөгетті нығайтуға мүмкіндік берді. Жұмыстарға жергілікті билік органдары мен облыстық ТЖД ресурстары жұмылдырылған.

Облыс әкімі Марат Ахметжанов құтқарушылар мен ауыл тұрғындарына атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

«Бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп осындай сыни сағатта көмекке келгендердің барлығына алғыс айтамын. Өңірдегі су тасқыны кезеңі аяқталуға жақын, болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін тиісті іс-шаралар мен бағдарламалар қабылданады»,- деді М. Ахметжанов тұрғындармен кездесуде.

Айта кетсек, аталған учаскедегі су тасқынына қарсы  іс-шараларға жергілікті әкімдік пен ТЖ өкілдерінен басқа 100-ден аса еріктілер мен Мемлекеттік күзет қызметінен 70 адам тартылған.

Дереккөз: www.gov.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар