Дипломатиялық миссия басшылары ағаш отырғызды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен Ақмола облысына келген дипломатиялық миссия басшылары мен Қазақстанда аккредиттелген халықаралық ұйымдардың басшылары аймақтың инвестициялық әлеуетімен танысып, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты. Облыс әкімі Марат Ахметжанов пен делегация басшылары Қорғалжын ауылындағы «Дударай» стелласына 40-тан астам көшет отырғызды.

– Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау аясында 15-ке жуық елдің дипломатиялық миссия басшылары акцияға тікелей үлес қосты. Оған облыс тұрғындары да белсенді қатысуда. Бүгін «Мөлдір бұлақ» апталығы аясында су айдындары мен өзендердің жағалаулары тазартылды. Аумақты тазарту жұмыстары жүргізіліп, ондаған мың ағаш отырғызылды, – деп атап өтті облыс әкімі.

Бұдан әрі делегацияларға Ақмола облысының инвестициялық тартымдылығы – ыңғайлы инвестициялық экожүйе, көлік инфрақұрылымының әлеуетімен аграрлық-индустриялық, өнеркәсіптік және туристік әлеуеті таныстырылды.

Облысты мультипликативті дамыту, жоғары тиімді және бәсекеге қабілетті өндірістер құру, басқарудың заманауи әдістерін енгізу, сондай-ақ, инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында өткен жылдың желтоқсанында Аршалы ауданында республикалық маңызы бар «AQMOLA» индустриялық аймағы құрылған болатын.

Сондай-ақ, жобаларды жылдам өңдеу, «бір терезе» шеңберінде функционалдылық көрсету, оларды сүйемелдеу, жер телімін іріктеу, инвестициялық жобалар үшін техникалық шарттарды қорытындылауға көмек көрсету мақсатында Ақмола облысының аумағында «Aqmola Invest» инвестициялар тарту орталығыда құрылды.

– Қазіргі уақытта орталық техникалық режимде жұмыс істеп жатыр. Инвесторларға қызмет көрсету жұмыстары, өңірге инвестициялық жобаларды тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Сондай-ақ, біздің команда халықаралық нарық бойынша және Астана нарығына жақын өз жобаларын іске асыруға мүдделі халықаралық делегациялардың Қазақстанға сапарларына шолу жасайды, – деді өңір басшысы Марат Ахметжанов.

Жұмыс сапары аясында шетелдік қонақтар Қорғалжын қорығындағы «Қызыл кітапқа» енген қоқиқаздардың мекендейтін жерлеріне барды. Әлемдегі қоқиқаздардың солтүстікте ұя салатын бұл шоғыры Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағында, яғни, Теңіз ащылы-тұзды көлінде орналасқан.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар