Халыққа адал қызметтің абыройы жоғары болады

Жыл басынан бері облыстық жастар-ресурстық орталығы Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Умар Шоназаровтың бастамасымен және ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Елге қызмет – абыройлы міндет» жобасын бастаған болатын.

Жақында осы жоба бойынша бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстың қорытындысы шығарылды. Оның барысында ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сабырхан Кенжебаевтың қатысуымен полиция департаментінің, қорғаныс істері жөніндегі басқарманың және білім басқармасының өкілдері тыңдалды.

Жоба аясында жастар-ресурстық орталығы 6 ұйыммен меморандумға қол қойған болатын. Осы меморандумның көмегімен полиция департаментіне 81 адам, төтенше жағдайлар департаментіне 36 адам, облыс бойынша келісім-шарттық қызметке 453 адам жұмысқа орналастырылды.

У.Шоназаровтың мәліметінше, алдағы уақытта осы бағытта өңірлік жастар ресурстық орталықтарымен бірлесіп, аудандық мекемелермен одан әрі меморандумдарға қол қою, дөңгелек үстелдер мен бос орындар жәрмеңкелерін ұйымдастыру, өмірлік маңызды дағдылар бойынша тренингтер өткізу жоспарлануда.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар