Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Су  құбырларын тарту жұмыстары тамызда аяқталады - АРҚА АЖАРЫ

Су  құбырларын тарту жұмыстары тамызда аяқталады

Облыс орталығынан шалғайда  жатқан Егіндікөл  ауданында биылғы жылы бірқатар ілкімді істер атқарылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан әкімі Юрий Курушин мәлімдеді. Сонымен, 32 жыл ішінде ауданда алғаш рет ауданішілік автобус бағыты іске қосылды. Онымен қоса, жыл соңына дейін сақалды құрылысқа айналған 16 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілмекші. Бауман елді  мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы басталды. Оған облыстық  бюджеттен және  Ұлттық  қордан 214 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

Брифинг барысында  Юрий Курушин ауданда тіршілік нәрі – судың өткір мәселеге айналғанын айтып өтті.   Оның айтуынша, өткен жылдың дәл осы кезеңінде жергілікті масштабта техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған.  Күзге қарай осы бағытта нәтижелі жұмыстар басталған еді.

–Былтыр қыркүйек айында Нұра су құбырын қайта жаңарту жұмыстары басталды. Оның ұзындығы Қорғалжын ауданының Сабынды ауылынан Егіндікөл ауылына дейін 68 шақырымнан асады.  Қазіргі уақытта  Жантеке ауылына дейін ұзындығы 21 шақырымнан асатын жаңа су құбырын қосу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, көктемгі су тасқынынан кейін учаскелерді тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Су құбырын қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды 1 тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, –деп атап өтті бұл орайда аудан басшысы.

Сонымен бірге, ауданда  жолдарды жөндеуге  ерекше басымдылық беріліп отыр. Былтыр облыстық маңызы бар «Егіндікөл-Жолан»  автомобиль жолын жөндеу жұмыстары  жүргізіліп, 11 шақырымға асфальт жамылғысы төселді. Биыл да бұл жұмыс жалғасады.

–Барлығы 12 шақырым жол асфальтталды. Сонымен бірге, «Егіндікөл-Жантеке» бағытындағы жолдың 15 шақырымын жөндеуге облыстық бюджеттен 800 миллион теңге қарастырылып отыр.  Кентiшiлiк жолдардың жай-күйiн жақсарту мен көшелерді абаттандыру жұмысына бағытталған жобаларды да iске асыру жалғасуда. Халықты әлеуметтік қорғау саласында да нәтижелі істер бар,–деп сендірді Юрий Курушин.

Бүгінгі таңда, ауданда халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау шаралары жалғасуда. Жалпы, 52 отбасына бүгінге дейін атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген.

Кәсіпкерлік сала да жете дамып отыр. Аудан аумағында 500-ден астам шағын және орта бизнес нысаны жұмыс істейді. Осының арқасында  2 мыңға тарта адам жұмыспен қамтылған. Биыл аудан бойынша 55 серіктестік пен 200-ден астам шаруа қожалығы көктемгі егін науқанын өткізбекші. Сөйтіп, 330 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар сіңірілмек.

Егіндікөл өңірі үшін тағы бір жағымды жаңалық ретінде  биылғы жылы  инвестициялық 4 жоба қолға алынғанын атап өткен жөн. Негізгі капиталға салынған инвестиция 440 миллион теңгені құрайды. Сонымен, осындай маңызды бастамалар аудан тұрғындарының  өмір сапасын жақсартып қана қоймай, Ақмола облысының экономикасының дамуына да септігін тигізетіні анық.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар