Бұрынғы саябақ жаңаша сипат алды

Көкшетау қаласында бұған дейін «сақалды құрылыс» деген атқа ие болған «Алаш арыстары» саябағын ақыры жаңартып, абаттандыру жұмыстары аяқталды. Құрылыстың жобасы бірнеше өзгертулерге ұшырап, көптеген түзетулер енгізілді.

Мердігерлік ұйым – «АДС-2001» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қазір мұнда соңғы жұмыстарды жүргізуде. Десек те, саябақта бүгінгі күні де демалуға мүмкіндік бар.Бүгінгі таңда саябақта ұзындығы 7546 шаршы метр болатын шаңғымен сырғанау трассасы салынған. Саябақ ортасының негізін ағаштар, бұталар, гүлдер мен шөптесін өсімдіктер сияқты екпелер құрайды. Оған қоса, спорттық-тұрмыстық кешенмен, қоғамдық дәретханамен, балалар және спорт алаңдарымен жабдықталған.

Мұнда скейтбордингке арналған жалпы ауданы 1200 шаршы метр скейтпарк жұмыс істейді. Скейт алаңы ылғалға төзімді фанер жабыны бар ағаш жақтауда жасалған. Жалпы скейт алаңының жобасы Көкшетау қаласы әкімдігі, мердігер ұйым және skatepark.kz компаниясы бірлесе отырып әзірленген.

Бұл алаң Қазақстан бойынша алғашқы үлкен скейт алаңы болып табылады. Жаттығудың ыңғайлылығы мен қауіпсіздігі үшін саябақта қазақ және орыс тілдерінде ережесі бар ақпараттық тақтайшалар орналастырылған. Сондай-ақ, саябақ аумағында шағын және орта бизнес субъектілерінің жалпы ауданы 79428 шаршы метринвестициялық жобаларын іске асыру үшін жер телімдері көзделген, оның 13170 шаршы метрі абаттандыруға және 66258 шаршы метрі құрылыс салуға бөлінген.

Міне, «ештен кеш жақсы» дегендей, жаңаша сипат алған саябақ осылайша көпшіліктің игілігіне айнала түсер күн де жеткен сияқты.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар