Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанға келген шетелдік блогерлер Бурабайда болды - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанға келген шетелдік блогерлер Бурабайда болды

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға белгілі шетелдік блогерлер ат басын тіреді.Бұл сапардың басты мақсаты – 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтетін 5-інші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын насихаттау және елдің ұлттық құндылықтары мен туристік саласымен танысу.

Бағдарлама бойынша шетел блогерлері «Ботай Бурабай»  ашық аспан астындағы археологиялық-этнографиялық мұражайынан кейін Абылай хан алаңына барды. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешев өңірімізге арнайы келген қонақтарды қарсы алып, оларға ағылшын тілінде экскурсия жүргізді. Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – этникалық спорт түрлері бойынша халықаралық спорттық жарыстар. Тарихи жарыс көшпелі халықтардың халық ойындарына негізделіп, адамзат өркениетінің мұрасы ретінде этноспорт және этномәдени қозғалысты дамытуға бағытталған.

5-інші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы «Qazaqstan» жеңілатлетикалық кешенінде шетелдік блогерлер үшін арнайы презентация өткізді. Іс-шараға 8 елден, атап айтқанда, Тайланд, Малайзия, Қытай, Оман, Түркия, Әзірбайжан, Вьетнам, Италия және Қырғызстаннан 11 шетелдік блогер қатысты. Бұл игі шара кең қамтуды қамтамасыз етеді және Қазақстанның мәдени және туристік әлеуетін көрсету үшін бірегей платформа ұсынады.

–Мен Тревел-блогермін, саяхаттармен, экстрим-спортпен айналысамын. Қай елде, қай жерде жүргенімді түсіріп жүремін. Қазақстан елшілігі мен Сырқы істер министрлігінің шақыруымен Астанаға келдік, одан кейін, міне,  Бурабайға келіп, табиғатының сұлулығына тамсанып жүрген жайымыз бар. Түсірілімдер жасап, тарихи жерлерді, қазақ елінің мәдениеті мен ұлттық тағамдарын зерттеп жүрмін. Бурабайдың «Қазақтың Швейцариясы» деп тектен тек айтылмайтыны рас екен. Тауына шығып, жасап жатқан түсірілімдеріміз керемет болып жатыр, – деді өз сөзінде Әзірбайжаннан келген блогер Сеймур Алиев.

Шетелден келген қонақтарымыз Абылай хан алаңының төрінде қазақтың салт-дәстүрімен танысып, қазақтың ұлттық киімдерін киіп, естелік суретке түсті. Сонымен қатар, келген қонақтар Қазақ елінен естелікке кәде-сыйлар сатып алды.

Алаңнан кейін блогерлер Мультимедиялық интерактивті кешенімен танысып қайтты.Айта кетсек, кешен 26 шілдеде келушілерге өз есігін айқара ашқан болатын. Мұнда қонақтарға «360 кинотеатрында»  көшпенділер туралы кинофильм көрсетілді. Шетелдік блогерлер экскурсиядан жақсы әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен Бөлектауға жол тартты.

Іс-шара аясында қонақтар әлемдік көшпенділер ойындарында ұсынылатын бірегей спорт түрлерімен танысты. Олардың ішінде қазақ күресі, құсбегілік, асық ату, тоғызқұмалақ, дәстүрлі садақ ату бар. Бұл дәстүрлі спорт түрлері қазақтың ұлттық мәдениетін ғана көрсетіп қоймай, оның халықаралық деңгейде танылуына септігін тигізеді.

Айгүл ҮСТЕМБЕК,
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы
ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар