Азаматтардың өтініш-тілектері ескерілді

Бұған дейін Қоянды ауылының тұрғындарымүлікке құқықтарды ресімдеуге байланысты құжаттарды алу үшін Астана, Көкшетау қалаларына баруға мәжбүр болғаны белгілі. Бұл жағдай халыққа қызмет көрсету орталықтарының қашықтығына байланысты азаматтардың наразылығын тудырды.

Кейбір жағдайларда бұл жылжымайтын мүлікке құқықтардың ұзақ уақыт тіркелмеуіне себеп болды, тіпті соңғы су тасқыны кезінде апаттан келтірілген залал үшін өтемақы алу проблемаларына алып келді. Мысалы, 2000-ға жуық үйде әлі күнге дейін құқық белгілейтін құжаттар жоқ.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асыловтың нұсқауы бойынша Ақмола облысының прокуратурасы ведомствоаралық жұмыс тобын құрды, ол топ халықпен бірнеше рет кездескеннен кейін ауылдың өзінде қажетті мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бірінші кезектегі міндеттер белгіленді.

Ол үшін облыс прокуратурасы облыс әкімдігімен бірлесіп, Қоянды ауылының №2 жалпы білім беретін мектебіне «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету, соның ішінде азаматтардың жылжымайтын мүлікке құқықтарын жедел тіркеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ қызметкерлерін уақытша орналастырды.

Облыс прокуроры Руфат Құттықов атап өткеніндей, қазір олар облыстың аудан орталықтары мен шалғай ауылдарына шығып, азаматтарды толғандыратын проблемаларды анықтап, оларды шешу бойынша шаралар қабылдауда.

Әрине, азаматтардың кейбір тілектерін орындауға біраз уақыт кетеді, бірақ біз оларды тезірек шешу үшін бар күшімізді саламыз – дейді бұл ретте, облыс прокуроры.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар