Елімізде жылда дәстүрлі түрде атап өтілетін Абай күні қарсаңында Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөлімде Ақмола облыстық жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен зияткерлік ойын болып өтті.
Іс-шараның басты мақсаты сарбаздардың арасында әлеуметтік белсенді әрі талантты жастарды анықтау, олардың кәсіби және шығармашылық құзыреттіліктері мен қызығушылықтарын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады.
Аталмыш ойынға әрқайсысы үш адамнан құралған 14 команда қатысты. Ойын тарих тағылымы,ұлы тұлғалар,музыка және кино әлемітуралы сұрақ-жауаптан тұрды.
– Жалпы, іс-шара тартымды өтіп, қатысушылар белсенділік танытып, жеңімпаз атануға ынта-ықыластарын көрсете білді. Сонымен қатар, әр команда топпен жұмыс істеубарысында тиісті тәжірибе жинақтады деп ойлаймын,–дейді облыстық жастар-ресурстық орталығының жастармен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің маманы Диас Сарман.
Екі тілде өткізілген ойын қорытындысы бойынша жүлделі 3-ші орынды «Гранит»командасы иеленсе, 2-ші орынға «Арландар» командасы ие болды. Ал, 1-ші орын «Егор и компания» командасына бұйырды. Шара соңында алғашқы үш орынға ие болған жеңімпаз командаларға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Жеңіс БАЛАБЕКОВ,
Ақмола облыстық жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметкері.
![]()

